---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті әдебиет пен өнер туындылары арқылы қалыптастыру"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігін..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-11T03:04:30+00:00"
modified: "2015-12-11T03:04:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-debiet-pen-ner-tuyndylary-ar-yly-alyptastyru-667311"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-debiet-pen-ner-tuyndylary-ar-yly-alyptastyru-667311/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті әдебиет пен өнер туындылары арқылы қалыптастыру

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент), Алматы қаласы жастар саясаты мәселесі жөніндегі Басқармасымен бірлесе отырып, Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұдан әрі – Академия) мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықтың кейбір көріністері: әдебиет пен мәдениет мәселелері негізінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Естай Кулдыбаев модератор болып сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Академияда атқарылатын шаралар, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік туралы айтып өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес Төрағасы Бақтияр Камалов Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру тетігінің негізгі көріністері, сондай-ақ барлық мемлекеттік аппараттың дамуы мен қалыптасуына мықты серпін беретін «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары және әдебиет пен өнер туындылары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің қоғамда маңыздылығы туралы түсіндірді.

Академияның PhD докторы Ардақ Нұрмұхамбетов сыбайлас жемқорлықтың өзінің туындауында кеше, бүгін, болашақта өзектілігін, бүкіл әлемнің жаhандық мәселесі екендігін көрсетті. Сыбайлас жемқорлықтың тарихы терең зерделеуді қажет ететіндігін және іс-шарада ұсынылған сондай әртүрлі сындарлы ұсыныстарды тәжірибеде пайдалану керектігін баса айтты.

Академияның 2 курс студенті Салтанат Жалимова сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша дүниежүзілік қоғамның тәжірибесіне тоқталып, Қытай, Сингапур және Канада сияқты елдерді мысалға келтірді. Елдің дамуын тежейтін және адамдардың мемлекетке деген сенімін бұзатын бұл кеселмен әлемдік қоғамдастық сияқты күреседі. Бұл жауыздықпен күресуде қандай нәтижеге жеттік. Әлемдік тәжірибені пайдалану қажеттілігі туралы айтты.

Конференцияның соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өздерінің пікірлерімен алмасты. Сонымен қатар, өздерін қызықтыратын сұрақтарға толыққанды жауаптарын алды.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті әдебиет пен өнер туындылары арқылы қалыптастыру](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/J16Pzow8o75Mho7mgjfh3Ri4fvn7ff.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-debiet-pen-ner-tuyndylary-ar-yly-alyptastyru-667311](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-debiet-pen-ner-tuyndylary-ar-yly-alyptastyru-667311)