---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі"
description: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департам..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-08-12T05:16:25+00:00"
modified: "2016-08-12T05:16:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyruda-y-dep-zh-nindegi-u-kildi-r-li-706786"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyruda-y-dep-zh-nindegi-u-kildi-r-li-706786/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі

> ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департам...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент) мен Алматы қаласының әкімдігі бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ерлан Дүйсенбекұлы Жайлаубайдың, Департаменттің мемлекеттік қызметті бақылау басқармасының басшысы Ермек Мырзаханұлы Кәрімовтің, әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің, жергілікті атқарушы және аумақтық органдары басшыларының, кадрлық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету қызметкерлері мен *бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен* **«****Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі»** тақырыбында семинар-кеңесі өткізді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин кәсіби мемлекеттік аппарат құру мақсатындағы 12 қадамды жүзеге асыру мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Қазақстан мемлекеттік қызметшілердің «Қазақстан Республикасының этикалық кодексі, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қамтамасыз ететін әдеп ережелері 2016 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізілгенін атап өтті.

Әдеп кодексін тиімді практикалық қолдау тетіктерінің бірі «Әдеп уәкілі» лауазымы болып табылады. Азаматтардың әлеуетті мүдделер қақтығыстары немесе басқа да этикалық проблемалары туындаған жағдайда консультация алады, - деді баяндамашы.

Алматы кәсіпкерлері қауымдастығының президенті, әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Виктор Ямбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік аппараттың кәсібилендіруіне ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Жоспарланған іс-шаралардың шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Әдеп жөніндегі жаңа кодексі басты компонент ретінде қызмет атқарады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік пен мемлекеттік басқарудың сапалы модельдерін құру жолын ашатын мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін мәлімдеді. Баяндамашы «Этика уәкілі» негізгі қызметінен босатылып, осы саладағы маңызды кәсіби қызметпен айналысу қажеттігін ұсынды.

Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысы Бәтима Алиярова бүгінде Қазақстанда қалыптасқан мемлекеттік қызметтің өзіндік моделінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін арналғандығын және олардың заңнамасы мен нормативтік-құқықтық базасы бар кәсіби әкімшілік персоналдың ұйымдасқан жүйесі болып табылатындығын атап өтті. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін бағалауды жүзеге асыру әдістемесі мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасы мен қоғамға қызмет үшін маңызды екеніндігіне тоқталды.

Алматы қаласының әкімінің аппарат басшысының орынбасары - Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ерлан Дүйсенбекұлы Жайлаубай мемлекеттік қызметте әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ережелеріне сәйкес сенімді қамтамасыз ету үшін әдеп уәкілдерінің негізгі функцияларын, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының Әдеп кодексіне сәйкес жұртшылықпен ашықтығын және өзара іс-қимылды анықтап берді.

Іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/1SP0sY7w7IfBeutIvl5Bk2C09UGRu9.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyruda-y-dep-zh-nindegi-u-kildi-r-li-706786](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyruda-y-dep-zh-nindegi-u-kildi-r-li-706786)