---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басты мақсат"
description: "2016 жылдың 7 қазан күні «Нұр Отан» партиясының БҚОФ-ның ғимаратында «2015-2025 жылдарға арналған сы..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-10-07T06:54:06+00:00"
modified: "2016-10-07T06:54:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-basty-ma-sat-716754"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-basty-ma-sat-716754/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басты мақсат

> 2016 жылдың 7 қазан күні «Нұр Отан» партиясының БҚОФ-ның ғимаратында «2015-2025 жылдарға арналған сы...

2016 жылдың 7 қазан күні «Нұр Отан» партиясының БҚОФ-ның ғимаратында «2015**-**2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы Жол картасын» жүзеге асыру барысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі және Партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өткізілді.

Отырыстың жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Орал қалалық білім беру бөлімінің 9 айда атқарған жұмысы туралы бөлім басшысы Ж.М.Төремұратова баяндамасы тыңдалды.

Кеңес отырысының барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкері Е.Т.Төлепқалиев оқушылар бойында жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мен қоса ата-аналар комитетерімен жұмысты арттыру, олармен тығыз қарым қатынас жасау мәселесіне тоқталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-basty-ma-sat-716754](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-basty-ma-sat-716754)