---
title: "«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің студенттерге берері мол"
description: "Ағымдағы жылғы 7 сәуірде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Мемле..."
author: "finpolsko"
published: "2016-04-08T03:21:04+00:00"
modified: "2016-04-08T03:21:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-negizderi-p-nini-studentterge-bereri-mol-688104"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-negizderi-p-nini-studentterge-bereri-mol-688104/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің студенттерге берері мол

> Ағымдағы жылғы 7 сәуірде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Мемле...

![«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің студенттерге берері мол](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/FH7azwFwtAT329MpbqlGEuHTeWdukZ.jpg)

Ағымдағы жылғы 7 сәуірде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнін талқылау жөнінде кездесу ұйымдастырылды. Оған оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы және тарих факультетінің 2-3 курс студенттері қатысты.

Кездесу барысында арнайы сабақты өзге де мамандықтарға енгізу, 2015-2016 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлық сипаттарының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуы мәселелері талқыланды және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің оқу бағдарламасы таныстырылды.

«Құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, доцент Наталья Константиновна Баранова, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері» пәнінің өзекті мәселелеріне тоқталып, жаңа оқу бағдарламасында аталған тақырыпты күшейтуді ұсынды. Оның пікірінше, теориялық тереңдіктің студенттерге берер тәрбиелік мәні зор.

![«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің студенттерге берері мол](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/ZN7371yhJq3fu8eX23lfeQ79Erun7q.jpg)

Студенттер арасындағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмысы туралы әлеуметтік және тәрбие жұмысы бөлімінің жетекшісі Эльмира Шәмілқызы Танақұлова баяндады.

Ал Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстық департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Нұрлан Серікұлы Жахин оқу курсының ерекшеліктеріне тоқталды.

![«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің студенттерге берері мол](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/NViZAhFm8VGok81m0u4K5V57F2gagD.jpg)

Н.С. Жахин, барлық білім мекемелері, мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру курстарымен 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стартегиясын жүзеге асыру аясында қамтылатындықтарын айтты.

Арнайы курстарды болашақ заңгерлер мен мемлекеттік қызметшілер қатарында ғана емес, сондай-ақ гуманитарлық мамандық студенттеріне де оқыту жөніндегі мәселелер қаралды.

![«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің студенттерге берері мол](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/us3GCPnggTBqTPqc7UUSNCn7pf6SR9.jpg)

Кездесу қорытындысы бойынша студенттердің 2016-2017 оқу жылында арнайы курстарға таңдау жасаулары үшін университеттің профессорлық-оқытушылар қауымына тиісті жұмыстарды атқару қажет делінді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-negizderi-p-nini-studentterge-bereri-mol-688104](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-negizderi-p-nini-studentterge-bereri-mol-688104)