---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жастар ұйымдары мен жастардың рөлі"
description: "Алматы студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сөз сөйледі «Нұр Отан» жастар партиясы және студентт..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2017-06-15T05:54:27+00:00"
modified: "2017-06-15T05:54:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-res-boyynsha-zhastar-yymdary-men-zhastardy-r-li-770129"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-res-boyynsha-zhastar-yymdary-men-zhastardy-r-li-770129/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жастар ұйымдары мен жастардың рөлі

> Алматы студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сөз сөйледі «Нұр Отан» жастар партиясы және студентт...

**Алматы студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сөз сөйледі**

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жастар ұйымдары мен жастардың рөлі](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/1Y1T0PtH1GT09h0U3Kw5ONC442H6Lt.jpg)

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жастар ұйымдары мен жастардың рөлі](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/3XlN3YGKf4AP618CPrJ5SwraBi27ke.jpg)

«Нұр Отан» жастар партиясы және студенттік кәсіподақ ұйымдардың өкілдері мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтарды талқылады.

«Парасат» Алматы кәсіподағында, «Парасыз сессия» акциялар ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар, бүгінгі тақырып әсіресе оқу орындарындағы жазғы сессия өзекті болып табылады, деп атап өтті. Диалог барысында студенттік кәсіподақ ұйымдарының өкілдері сыбайлас жемқорлықтың әр түрлі көріністерін талқылады.

Оқу орындарында сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуға бағытталған үлкен және тынымсыз жұмыс жүргізіліп жатыр. Жұмыс сессия барысында ғана емес, оқу жылында да жүргізілуде. Жоғары оқу орындары мен колледждерде, жасырын пара жағдайларын хабарлауға болатын арнайы қораптар қойылды. Сондай-ақ, «Парасат» Алматы кәсіподағының төрағасы Данат Жаңатаев жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сауалнама және түсіндірме кездесулер өткізіліп жатқанын айтып өтті.

Мемлекеттік органдардың ашықтығы, мемлекеттік қызметті жаңғырту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру, жазалау шараларын алдын алу акцентіне ауысым, жемқорлықтың ауқымын азайтуға көмектеседі. Мемлекет пен қоғамның өзара үйлесімді іс-қимылы ғана сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендете алады деп – МҚІСЖҚІҚ Алматы қаласы бойынша Департаментінің бас маманы Асхат Байұзақов атап өтті.

«Нұр Отан» АҚФ партиясының өкілі Самат Төрехан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдармен бірге «Парасат» кәсіподағы жүргізген жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-res-boyynsha-zhastar-yymdary-men-zhastardy-r-li-770129](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-res-boyynsha-zhastar-yymdary-men-zhastardy-r-li-770129)