---
title: "«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- баршамызға- ортақ міндет!» атты дөңгелек үстел өтті"
description: "Алматы қаласы № 172 мектеп-гимназиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- баршамызға- ортақ мінде..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-13T04:06:03+00:00"
modified: "2015-12-13T04:06:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-res-barshamyz-a-orta-mindet-atty-d-gelek-stel-tti-667815"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-res-barshamyz-a-orta-mindet-atty-d-gelek-stel-tti-667815/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- баршамызға- ортақ міндет!» атты дөңгелек үстел өтті

> Алматы қаласы № 172 мектеп-гимназиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- баршамызға- ортақ мінде...

Алматы қаласы № 172 мектеп-гимназиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- баршамызға- ортақ міндет!» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Отырысқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша кеңесшісі С. Оразов қатысып, қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілік түрлері туралы мәліметтерге тоқталып өтті.

Мектеп-гимназия директоры Т. Қазыбаев Алматы қаласы Білім Басқармасының «Оқушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарынан ақша жинауға тыйым салу туралы» 2015 жылдың 31 шілде № 03-1-4/2910 бұйрығымен таныстырды.

Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Татиева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыты» баяндамасында ҚР -ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңының мақсатын, негізгі ұғымдарын, баптарын жеке-жеке қарастырып талдап өтті. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін қандай жауапкершілік түрлері бар екенін және әрбір азаматтың заң алдындағы жауапкершілігін айтып, түсіндірді.

Жиынға мектеп мұғалімдері қатысып өз пікірлерімен, сұрақтарына жауаптар алды.

![«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- баршамызға- ортақ міндет!» атты дөңгелек үстел өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/Qde0gKqZyZ9d4n5ju7Qek3bzQw6dO8.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-res-barshamyz-a-orta-mindet-atty-d-gelek-stel-tti-667815](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-res-barshamyz-a-orta-mindet-atty-d-gelek-stel-tti-667815)