---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті."
description: "Бүгін «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кіші мәжіліс залында партия жанынан құ..."
author: "zko.nurotan.kz"
published: "2021-06-14T10:20:45+00:00"
modified: "2021-06-14T10:20:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-zh-nindegi-o-amdy-ke-esti-otyrysy-tti-938827"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-zh-nindegi-o-amdy-ke-esti-otyrysy-tti-938827/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

> Бүгін «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кіші мәжіліс залында партия жанынан құ...

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/5f38d19ac19e890f5ec62988e180be.jpg)

Бүгін «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кіші мәжіліс залында партия жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Отырыс барысында қоғамдық кеңестің төрағасы болып Орталық партия аппаратының келісімімен Атауов Бауыржан Аяпбергенұлы тағайындалды.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/dbf42d10cb81d1e9892dde2c537e31.jpg)

Бауыржан Аяпбергенұлының білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтының, сонымен қатар, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын тәмамдаған.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/5c42898c468f6ef55a793a4d43f2bf.jpg)

Көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдарда болған. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ орталығы директорының орынбасары.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/246726ab77b17b671a17f049dcb1eb.jpg)

2007 жылдан бастап партия мүшесі, 2013 жылдан бастап 8 жыл бойы партия филиалы жанындағы аталмыш кеңестің тұрақты мүшесі.

Осыған дейін кеңес төрағасының қызметін атқарған облыстық мәслихат депутаты Сергалиев Нұрлан Хабиболлаұлы облыстық партия жанындағы "Білім және ғылым мәселелері бойынша" кеңесінің төрағасы болып бекітілді. Нұрлан Хабиболлаұлына белсенді әрі нәтижелі қызметі үшін кеңес мүшелері өз ризашылығын білдіріп, жаңадан тағайындалған Бауыржан Аяпбергенұлына сәттілік тіледі.

Жаңа төрағаның сайлануымен қатар, жұмыс жоспарында белгіленген алдағы уақытқа жоспарланған шаралардың орындалу барысы да талқыланды.

@nur_otan @baibekbk

@murat.mukayev @kasipodaq.bqo

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-zh-nindegi-o-amdy-ke-esti-otyrysy-tti-938827](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-zh-nindegi-o-amdy-ke-esti-otyrysy-tti-938827)