---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері"
description: "2013 жылғы 15 қарашада сағат 9:00-де Астана қаласындағы «Дипломат» қонақ үйінің Бизнес-орталығында ..."
author: "finpol"
published: "2013-11-19T00:45:47+00:00"
modified: "2013-11-19T00:53:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-zh-ne-ekonomikaly-auipsizdikti-amtamasyz-etudi-zekti-m-seleleri-385607"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-zh-ne-ekonomikaly-auipsizdikti-amtamasyz-etudi-zekti-m-seleleri-385607/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері

> 2013 жылғы 15 қарашада сағат 9:00-де Астана қаласындағы «Дипломат» қонақ үйінің Бизнес-орталығында ...

2013 жылғы 15 қарашада сағат 9:00-де Астана қаласындағы «Дипломат» қонақ үйінің Бизнес-орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығы және Қаржы полициясы академиясы. Конференцияға Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі А.Ж.Шпекбаев, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бірінші орынбасары А.И.Лукин, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысының орынбасары Жаннет Клетцер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан, Америка Құрама Штаты, Түркия, Чехия, Индонезия, Швеция, Ресей Федерациясы, Литва, Украина, Тәжікстан және Қырғызстан ғалымдары, ведомстволық оқу орындарының басшылары, құқық қорғау органдары және қоғамдық ұйымдар өкілдері, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы сарапшылар қатысты.

А.И.Лукин конференцияны ашу барысында, конференция тақырыбының өзектілігін атап кетті: «Жемқорлық және экономикалық қылмыс өзара тығыз байланысты. Экономикалық саладағы қылмыстардың негізі – көлеңкелі экономика. Жемқорлық көлеңкелі экономиканың дамуына негіз болып табылады. Көлеңкелі экономика, өз кезегінде, жемқорлықтың пайда болуына әкеледі. Көлеңкелі экономиканы жою дегеніміз – жемқорлықты толығымен жою. Конференция тақырыбының өзектілігі де осында. Сондықтан конференциямыздың кешенді мақсаты Қазақстандағы негативті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, яғни жемқорлық және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес мәселелерін зерттеу және заманауй әдістерді өндіру болып табылады». Конференцияда келесі мәселелер: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық тәжірибе, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы, мемлекеттік саясатты, кәсіпкерлік сектордың ролін жетілдіру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әлеуметтік, ақпараттық, экономикалық, қылмыстық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, қылмыстық іс жүргізу және осы саладағы криминалистикалық мәселелерді талқылау жұмысы жүзеге асты. Экономикалық қылмысқа қарсы күрес саласын зерттеген шетелдік және отандық мамандардың өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, жасаған жұмыстарын әрі қарай дамытуын талқылады

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-zh-ne-ekonomikaly-auipsizdikti-amtamasyz-etudi-zekti-m-seleleri-385607](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-zh-ne-ekonomikaly-auipsizdikti-amtamasyz-etudi-zekti-m-seleleri-385607)