---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және «Ақжайық-адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылуы"
description: "2019 жылдың 21 ақпанда өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімінің орынбасары Ғ.А.Осп..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-02-21T13:40:19+00:00"
modified: "2019-02-21T13:40:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-zh-ne-a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobasyny-zh-zege-asyryluy-826842"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-zh-ne-a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobasyny-zh-zege-asyryluy-826842/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және «Ақжайық-адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылуы

> 2019 жылдың 21 ақпанда өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімінің орынбасары Ғ.А.Осп...

2019 жылдың 21 ақпанда өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімінің орынбасары Ғ.А.Оспанқұловтың, МҚІСЖҚ департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақовтың және Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының БҰО департаментінің басшысы Р.С.Ақмырзаевтың қатысуымен аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және «Ақжайық-адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылуы мәселелері бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Өзінің алғы сөзінде Болат Исақов өткен жылы жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындысымен таныстырды. 2018 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 41 тұлға сотталды, оның 35-і лауазымды тұлғалар, ал 6-сі жеке тұлғалар.

Жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізудің практикалық маңызы – оның қорытындысы мемлекеттік органдарға тиісті ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар қабылдау арқылы анықталған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.

Мониторинг құқықтық статистика мәліметтерін, бұқаралық ақпарат құралдары мен өзге де көздердегі жарияланымдарды жинақтау, өңдеу, талдау жүргізу және бағалау тәсілімен жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық белгілерін анықтау және қоғамдық пікірді білу мақсатында облыста «БҚО-дағы сыбайлас жемқорлық көріністері туралы қоғамдық пікірді анықтау» тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізілді.

Жүргізілген зерттеудің қорытындысына сәйкес, облыс тұрғындарының көбісі (62%)соңғы 2-3 жылда облыстағы жемқорлық деңгейі «едәуір төмендеді» деген пікірде. Ал жемқорлық деңгейі «едәуір көтерілді» деген респонденттердің саны с 11,3%-дан (2017 жылы) 2%-ға (2018 жылы) төмендеген.

Зерттеу нәтижесінде, респонденттердің көбісі (89%-ы) сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда облыста айтарлықтай барлық тиімді шаралар қолданылып жатыр деген пікірде.

«Сыбайлас жемқорлық фактілерілінің негізгі себептерінің бірі азаматтардың өз құқықтарын білмеуі, өз мәселелерінің шешілу жолын білмеуі, сол мәселелерді шешуде қасақана пара беруі болып табылады» - деді Болат Исақов.

Сондай-ақ, департамент басшысы облыстың 4 ЖОО мен 20 колледжінде жұмыс жасап тұрған адалдық дүкендері туралы айтып өтті. Алдағы уақытта барлық мемлекеттік мекемелерде адалдық дүкендерін ашу Агенттікпен ұсынылып отыр. Мұндай механизм он жылдың шамасында скандинавия елдерінде сәтті қолданылуда. Жобаның басты мақсаты – қоғамда сенімділікті қалыптастыру.

Баспасөз мәслихаты кезінде облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов «Ақжайық-адалдық алаңы» жобасының шеңберінде «Пара беру – сатқындық» ке ауқымды акциясына бастау берді. Акцияның мақсаты жүргізушілермен полиция қызметкерлеріне пара беру фактілерін болдырмау.

Өз кезегінде, Рустам Ақмырзаев сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатырғандығын атап өтті.

Өткен жылдың желтоқсан айында қоғаммен бірлесе отырып тұрмыстық жемқорлықты болдырмауға бағытталған «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

Сонымен қатар, әрбір аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізіледі, ұжымдармен кездесулер өткіземіз. Аталған шараларда мемлекеттік қызметшілердің санасына пәрменді сипаты бар лауазымды тұлғаларды пара алу үстінде ұсталған бейнероликтер көрсетіліп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының негізгі аспектілерін түсіндіріледі.

«Жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша кешенді шаралары аймақта және республика бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейін біршама төмендетуге мүмкіндік берді деп жобалаймын» - деп сөзін аяқтады Рустам Ақмырзаев.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-zh-ne-a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobasyny-zh-zege-asyryluy-826842](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-zh-ne-a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobasyny-zh-zege-asyryluy-826842)