---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне әдістемелік көмек"
description: "Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан..."
author: "finpolsko"
published: "2017-04-27T21:56:37+00:00"
modified: "2017-04-27T21:56:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-subektilerine-distemelik-k-mek-765128"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-subektilerine-distemelik-k-mek-765128/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне әдістемелік көмек

> Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан...

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне әдістемелік көмек](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/8DvANpNG6B9W4gXN73dTe87c5x1SjM.jpg)

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен мемлекеттік органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу сұрақтары бойынша әдістемелік көмек көрсету жалғасуда.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне әдістемелік көмек](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/gqnfVQNBCaooa2OBqkt4e96i1fVOwZ.jpg)

2017 жылғы 27 сәуірде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Р. Қожахметов, презентация көрсетумен, аталған оқу орнының қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі тәжірибелік ұсыныстар» тақыбырында оқыту семинарын өткізді.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне әдістемелік көмек](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/A3c9elrx4X023ZFH15xs2RGGrXx5H4.jpg)

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың бірі – ішкі талдау жүргізудің маңыздылығы ерекшеленді. Әңгіме барысында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына да түсіндірме беріліп, келіп түскен сұрақтарға тиісті жауаптар қайтарылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-subektilerine-distemelik-k-mek-765128](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-subektilerine-distemelik-k-mek-765128)