---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сот жүйесі жұмысындағы басым бағыт"
description: "Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары, СҚО мама..."
author: "finpolsko"
published: "2015-12-21T03:09:44+00:00"
modified: "2015-12-21T03:09:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-sot-zh-yesi-zh-mysynda-y-basym-ba-yt-669077"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-sot-zh-yesi-zh-mysynda-y-basym-ba-yt-669077/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сот жүйесі жұмысындағы басым бағыт

> Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары, СҚО мама...

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сот жүйесі жұмысындағы басым бағыт](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/657W7Gz866yOwSw6wTglujwe0Om6BF.jpg)

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары, СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сот жүйесі жұмысындағы басым бағыт» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелі отырысына қатысты. Кездесуге СҚО прокуратурасы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары шақырылды. Экономикалық соттың судьясы Д.Қ. Омаров, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», яғни 5 тұғырлы реформаны жүзеге асыру аясында жүргізіліп жатқан, сот жүйесіндегі өзгерістерге тоқталды. Баяндамада біліктілік талаптары мен сот лауазымдарына кандидаттарды іріктеу тетіктерінің қатайтылуы мәселелері жан-жақты талданған. Оның ішінде: міндетті түрдегі талап – сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі, кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан, содан соң бір жылдық сынақ мерзімінен өтулері тиіс. Судьялардың жаңа этикалық кодексін енгізу туралы да бірқатар мағлұмат берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстанда және облысымызда атқарылып жатқан іс-шаралар, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басымдылықтары туралы айтып берді. Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру бойынша бірінші институционалды реформаның жаңашылдықтары, 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі мен еңбек төлемінің факторлық-балдық шәкіліне көшудің ерекшеліктері, сондай-ақ жемқорлық қатерлерін төмендетудің бірден-бір құралы – ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсету сапасы талқыланды. Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар сот өндірісінің ашықтығына, барлық сот процестеріне аудио-видео жазбаны міндетті түрде енгізу мәселелеріне де назар аударды. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қоғамдық кеңесінің мүшесі А.Е. Фролов, судьялардың азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу үрдісіне тоқталды. Кездесу соңында, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қызметкерлерінің жұмысына оң баға берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары мысал ретінде, өз құқығын қорғау үшін бірнеше рет сот көмегіне жүгінген «РУХ» ЖШС жетекшісінің алғысын жеткізді. Аталмыш шарада экономикалық соттың төрағасы А.И. Дигант модераторлық атқарды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-sot-zh-yesi-zh-mysynda-y-basym-ba-yt-669077](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-sot-zh-yesi-zh-mysynda-y-basym-ba-yt-669077)