---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр азаматтың міндеті"
description: "А.ж. 2 тамызында Анар селолық округінің әкімі Д.Черновтың төрағалығымен, жергілікті әкімдіктің ғимар..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-08-16T05:52:01+00:00"
modified: "2017-08-16T05:52:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-r-azamatty-mindeti-775815"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-r-azamatty-mindeti-775815/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр азаматтың міндеті

> А.ж. 2 тамызында Анар селолық округінің әкімі Д.Черновтың төрағалығымен, жергілікті әкімдіктің ғимар...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/4T5J0ZLi1sI032W5TS6kOVMndVb5ZI.jpg) А.ж. 2 тамызында Анар селолық округінің әкімі Д.Черновтың төрағалығымен, жергілікті әкімдіктің ғимаратында ауыл тұрғындарының, мемлекеттік қызметкерлердің және т.б. қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр азаматтың міндеті» атты дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп отырған жұмыс жөнінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі аспектілері», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының жүзеге асырылуы» тақырыптарындағы баяндамалар оқылды.

Белсенді мүшелер дөңгелек үстел тақырыбы мен мақсатының тереңдігін және маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік қызметкерлер арасында, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жалпы қоғам болып жол бермеу, індеттің жолын кесу әрбір азаматтың парызы екендігін баса айтты.

Дөңгелек үстел қортындысы бойынша мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және оған жол бермеу, жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін нығайту ұсынылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-r-azamatty-mindeti-775815](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-r-azamatty-mindeti-775815)