---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент қызметкерлері Ұлт жоспарын ақ халатты абзал жандарға түсіндірді"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігін..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-13T03:54:59+00:00"
modified: "2015-12-13T03:54:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-departament-yzmetkerleri-lt-zhosparyn-a-halatty-abzal-zhandar-a-t-sindirdi-667803"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-departament-yzmetkerleri-lt-zhosparyn-a-halatty-abzal-zhandar-a-t-sindirdi-667803/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент қызметкерлері Ұлт жоспарын ақ халатты абзал жандарға түсіндірді

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (әрі қарай – Департамент) Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің қатысуларымен, Мемлекет Басшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Департамент бөлімінің кеңешісі Бақытбек Әлішов алғашқы 15, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлерінің қызметіне тікелей қатысты қадамдарға тоқталды. «Елбасымыздың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа барар жол» атты Жолдауы мен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы және Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде айтылған мемлекетімізді дамытып нығайтуға арналған 5 институционалды міндеттері жөнінде толық мағлұматтар берді.

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілі Дәулет Абдраханов қаладағы денсаулық сақтау мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды.

«Қалалық кардилогиялық орталық» МКК басшысы Алмат Қодасбаев дүниежүзілік деңгейдегі қазіргі кезеңге сай жүрек-тамыр жүйесін санаулы минуттарда зерттеп диагноз қоятын жабдық туралы айтып, егер азаматттардың өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда соңғы заманауи технологияларды пайдалана отырып, хирургиялық араласусыз жедел ота жасалатынын әңгімелеп берді.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаднамалар таратылды.

Кеңес барысында өздерін қызықтырып қойған сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент қызметкерлері Ұлт жоспарын ақ халатты абзал жандарға түсіндірді](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/snbqq0xTJR18cdanvpMdO6uRgEZ4Y5.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-departament-yzmetkerleri-lt-zhosparyn-a-halatty-abzal-zhandar-a-t-sindirdi-667803](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-departament-yzmetkerleri-lt-zhosparyn-a-halatty-abzal-zhandar-a-t-sindirdi-667803)