---
title: "«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» халықаралық жастар байқауы"
description: "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-05-24T05:00:22+00:00"
modified: "2019-05-24T05:00:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-birge-haly-araly-zhastar-bay-auy-833042"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-birge-haly-araly-zhastar-bay-auy-833042/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» халықаралық жастар байқауы

> Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың халықаралық жастар байқауына қатысуға шақырады.

Байқау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан), сондай-ақ БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және ОАР) қатысушы-елдерінің жастарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбына плакаттар мен бейнероликтер форматындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманы дайындау ұсынылады.

Өз жұмыстарында конкурсқа қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі заманғы тетіктерін қоғамның барлық деңгейінде және өмір сүруінің барлық салаларында, сондай-ақ осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мен маңызын көрсетуі қажет.

Жұмыстарды қабылдау конкурстың ресми сайтында www.anticorruption.life ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 1 қазаны аралығында өткізіледі.

Қазақстанның атынан байқауға ұсынылатын үздік жұмыстар жартылай финалистерді іріктеу жөніндегі ұлттық конкурстық комиссияның отырысында анықталып, халықаралық қазылар алқасының қарауына жіберіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-birge-haly-araly-zhastar-bay-auy-833042](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-birge-haly-araly-zhastar-bay-auy-833042)