---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігін..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-06-28T06:17:22+00:00"
modified: "2017-06-28T06:17:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-akciya-771628"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-akciya-771628/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Орал қалалық «Такси Сити» орталығымен бірлесіп «1424 Call-centrе» орталығының жұмысын және «Егер Сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз» жадынамаларын қоғамға кеңінен ақпараттандыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция ұйымдастырды. «Такси Сити» орталығының автокөліктеріне ақпараттық қағаздар орналастырылды, сонымен қатар жүргізушілер тарапынан азаматтарға таратылым қағаздары үйлестірілетін болады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Орал қалалық «Такси Сити» орталығына қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған белсенді жұмыстары үшін ризашылығын білдіреді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-akciya-771628](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-akciya-771628)