---
title: "Сыбайлас жемқорлық"
description: "Сыбайлас жемқорлық – ғасырлар бойы адамзат тарихында пайда болған халықаралық масштабтағы, тек бір е..."
author: "ceka"
published: "2015-03-19T10:50:38+00:00"
modified: "2015-03-19T10:50:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-483099"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-483099/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлық

> Сыбайлас жемқорлық – ғасырлар бойы адамзат тарихында пайда болған халықаралық масштабтағы, тек бір е...

Сыбайлас жемқорлық – ғасырлар бойы адамзат тарихында пайда болған халықаралық масштабтағы, тек бір елдің ішіндегі сыбайласқан қылмыс емес. Мұның өзі бір елден екінші елге тамыр жайып байланысып жататын қауіпті құбылыс. Әлемде бір де бір мемлекетте бұл проблеманың орын алмаған жері жоқ, яғни бір де бір қоғамның сыбайлас жемқорлық дертінен құтыла алмағаны баршамызға белгілі.Сондықтан әр мемлекеттік қызметкер өздерінің қызметін пайдаланып, заңсыз қылықтар жасауға жол бермеуі керек. Заңсыз қылықтар, яғни атап айтқанда жеке тұлғадан көрсеткен қызметі үшін ақша немесе басқа да сыйақы қабылдау. Жоғарыда айтылған заңсыз қылықтарды жасаған қызметкер сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық болып табылады. Әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 22 сәуірдегі №793 «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығының негізінде сыбайлас жемқорлық қылмыстармен құқық бұзушылықтарын болдыртпау және алдын алу біздің басты міндетіміз.Сыбайлас жемқорлықпен күресу тек адал, ары таза, антына берік жандардың ісі. Сондықтан қызметкерлердің өз тараптарынан ешқандай заң талаптарын бұзушылық сақтамау фактілерінің орын алмауына жол бермеуге, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның талаптарын қатаң сақтауды, және жемқорлықпен күресті бәсеңдетпей заң талаптарын орындауға баршамыз бірігіп күш салуымыз керек.

 

**Жуалы аудандық ХҚКО инспекторы М.Кожамжаров**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-483099](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-483099)