---
title: "Сыбайлас жемқолыққа қарсы облыстық «Адал жол – Честный путь» марафоны бастау алды."
description: "Ақмола облысында ағымдағы жылдың 1 сәуірінде дәстүрге айналған облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-04-02T03:22:58+00:00"
modified: "2016-04-02T03:22:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-oly-a-arsy-oblysty-adal-zhol-chestnyy-put-marafony-bastau-aldy-686974"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-oly-a-arsy-oblysty-adal-zhol-chestnyy-put-marafony-bastau-aldy-686974/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқолыққа қарсы облыстық «Адал жол – Честный путь» марафоны бастау алды.

> Ақмола облысында ағымдағы жылдың 1 сәуірінде дәстүрге айналған облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «...

![Сыбайлас жемқолыққа қарсы облыстық «Адал жол – Честный путь» марафоны бастау алды.](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/2h2Rf5A21xsu1Kq25zT8nx3ypHJPZJ.jpg)

Ақмола облысында ағымдағы жылдың 1 сәуірінде дәстүрге айналған облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны бастау алды.

Марафон 1 сәуірде басталып, 9 желтоқсанға дейін жалғасады. 9 желтоқсан халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні ретінде аталып өтіледі. Марафон облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өткізу арқылы мәресіне жетеді.

Марафон барысында жұмыстың түрлі әдістері қолданылатын болады: дөңгелек үстелдер, семинарлар, конкурстар, КВН-дер, викториналар, пікірсайыстар, дебаттар, флешмобтар, т.б. Бұл іс-шараларға мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап, халықтың барлық топтары қатысатын болады. Облыстық марафонның қорытындылары бойынша өңірлердегі ең үздік іс-шаралар қамтылған деректі киноролик түсіру жоспарлануда. Барлық жұмысымыз сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасауға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталатын болады.

2015 жылдың 19 мамырынан бастап 9 желтоқсанына дейін облыстың барлық өңірлерінде өткізілген «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған 330 іс-шара өткізіліп, оларға 23 мыңнан астам ақмолалық тұрғынның қатысқанын атап өту керек.

2015 жылдың 9 желтоқсанында, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» форумы өткізілді.

Бірінші, екінші және үшінші орындар үшін грамоталармен және бағалы сыйлықтармен Есіл, Атбасар және Жарқайың аудандары марапатталды. Егіндікөл және Шортанды аудандары «Әлеуметтік мәселеге заманауи көзқарас», «Бірегей шешім» номинациялары бойынша марапатталды. Бірқатар аудандар Марафонға белсенді түрде қатысқандары үшін марапатталды. Форум жұмысына облыстың барлық өңірлерінен 400-ден астам адам қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-oly-a-arsy-oblysty-adal-zhol-chestnyy-put-marafony-bastau-aldy-686974](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-oly-a-arsy-oblysty-adal-zhol-chestnyy-put-marafony-bastau-aldy-686974)