---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршаға ортақ міндет"
description: "29 мамыр күні «Антикор орталығы» сервистік орталығынан қосылу арқылы облыстық тілдерді дамыту басқа..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-05-30T07:21:23+00:00"
modified: "2020-05-30T07:21:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybai-las-zhem-orly-a-arsy-k-res-barsha-a-orta-mindet-858074"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybai-las-zhem-orly-a-arsy-k-res-barsha-a-orta-mindet-858074/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршаға ортақ міндет

> 29 мамыр күні «Антикор орталығы» сервистік орталығынан қосылу арқылы облыстық тілдерді дамыту басқа...

29 мамыр күні «Антикор орталығы» сервистік орталығынан қосылу арқылы облыстық тілдерді дамыту басқармасы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті бастамасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршаға ортақ міндет» тақырыбындағы ZOOM платформасында онлайн форматтағы жалпыхалықтық үндеу, насихат бағытындағы дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны негізге ала отырып, мемлекеттік қызметшілердің, жалпы халықтың, азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерге мүлдем төзбеушілік көзқарасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді, мәдениетті қалыптастыру.

Аталмыш шараның модераторы басқарма басшысы Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызы басқарма тарапынан атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Дөңгелек үстелге спикер ретінде «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттар партиясы БҚО филиалының төрағасы, ақпараттық-насихат штабының мүшесі Мынатаубиік Тауфиқұлы Әнесов («Қоғамда адалдықты қалыптастыру мәселелері»), тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті доценті Самат Бақытжанұлы Құрманалин («Отаршылдық кезең және қазақ қоғамына жемқорлықтың енуінің кейбір мәселелері»), М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, қауымдастырылған профессор, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Тұрар Төлегенұлы Шайхиев («Сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-экономикалық себеп-салдары»), филология ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры Мұрат Бөкенбайұлы Сабыр («Мақал мәтелдердің лингвокоммуникативтік әлеуеті жемқорлыққа қарсы тәрбие құралы»), ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Біржан Марданұлы Хайруллин («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасы») қатысып, аталған тақырыпты түрлі сипатта терең ашып, қоғамдық-этикалық мораль нормалары, ұлттық тәрбие негіздерінің қазіргі өзекті мәселелеріне ерекше тоқталды.

Біз Ұлы Абайдың қоғамдық тәртіпті, этикалық құндылықтардың сақталуына мән берген құқықтық көзқарастарының мәнділігін терең ұғынып, барлығы да өз қолымызда екенін ұмытпағанымыз жөн.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybai-las-zhem-orly-a-arsy-k-res-barsha-a-orta-mindet-858074](https://yvision.kz/kk/post/sybai-las-zhem-orly-a-arsy-k-res-barsha-a-orta-mindet-858074)