---
title: "Светлана Подобедова Алматыда өтетін әлем чемпионатына қатыспайды"
description: "Әлемнің екі дүркін чемпионы және Лондон Олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедова жарақатына бай..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-11-07T02:49:19+00:00"
modified: "2014-11-07T02:49:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/svetlana-podobedova-almatyda-tetin-lem-chempionatyna-atyspaydy-438164"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/svetlana-podobedova-almatyda-tetin-lem-chempionatyna-atyspaydy-438164/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Светлана Подобедова Алматыда өтетін әлем чемпионатына қатыспайды

> Әлемнің екі дүркін чемпионы және Лондон Олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедова жарақатына бай...

[!\[Светлана Подобедова Алматыда өтетін әлем чемпионатына қатыспайды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/11/photo_10527-300x165.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/11/photo_10527.jpg)

Әлемнің екі дүркін чемпионы және Лондон Олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедова жарақатына байланысты ауыр атлетикадан Алматыда өтетін әлем чемпионатына қатыспайтын болды, — деп хабарлайды [Vesti.kz](http://vesti.kz/).

Журналистерге бұл туралы Қазақстан құрамасының бапкері Алексей Ни мәлімдеді. Оның айтуынша, Подобедова 5 қарашада жарақат алған. Ал оған дейін оның жағдайы жақсы болған және өз категориясында ауыр атлетикадан 2014 ӘЧ-да жеңуге үміткер болды. Дәрігерлер оған сол жамбасының үстіңгі бұлшықеті жарым-жартылай үзілген деген диагноз қойды. Енді ол қайта қалпына келу үшін бір ай шамасында күтуі керек. Подобедованы кімнің алмастыратыны жайлы толығырақ [мына жерден](http://vesti.kz/heavyathl/196718/) оқи аласыздар.

Сонымен қатар, Қазақстанның атынан шығатын Майя Манеза жаңа салмақ категориясында қатысады — 69 келіге дейін. Бұл туралы толығырақ және республиканың әйелдер арасында тағы кімдер жарысқа қатысатынын [мына жерден](http://vesti.kz/heavyathl/196720/) оқи аласыздар.

Ал бұған дейін ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионатына олимпиаданың қазіргі сегіз чемпионы қатысатыны хабарланған. Оның ішінде үшеуі — қазақстандық. Біріншілікте еліміздің атынан Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Илья Ильин шығады. Олардың қарсыластары — Корей халықтық демократиялық республикасы атынан шығатын Ом Юн Чоль, Ким Ун Гук и Рим Чон Сим, поляктың ауыратлеті Адриан Зелинский және Ираннан Бехдад Салимикордашиаби. Илья Ильин алтын алуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионаты 8-16 қараша аралығында өтеді. KazSport телеарнасы чемпионатты тікелей эфирден көрсетеді. Билет қүны — 500-15000 теңге аралығында.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/svetlana-podobedova-almatyda-tetin-lem-chempionatyna-atyspaydy-438164](https://yvision.kz/kk/post/svetlana-podobedova-almatyda-tetin-lem-chempionatyna-atyspaydy-438164)