---
title: "Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың оқушылары..."
description: "Сондай-ақ биыл мектеп оқушылары алғаш рет қазақ тілінен аралық емтихан тапсырады. Фото: egemen.kz Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының аяқталуына байланысты мынадай мәліметтерді жария етті: - оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтағалы отыр, оның ішінде..."
author: "orazali"
published: "2024-05-21T06:55:59+00:00"
modified: "2024-05-21T06:55:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/su-tas-ynynan-zardap-shekken-ayma-tardy-o-ushylary-emtihandardan-bosatylady-1004835"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/su-tas-ynynan-zardap-shekken-ayma-tardy-o-ushylary-emtihandardan-bosatylady-1004835/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың оқушылары...

> Сондай-ақ биыл мектеп оқушылары алғаш рет қазақ тілінен аралық емтихан тапсырады. Фото: egemen.kz Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының аяқталуына байланысты мынадай мәліметтерді жария етті: - оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтағалы отыр, оның ішінде...

*Сондай-ақ биыл мектеп оқушылары алғаш рет қазақ тілінен аралық емтихан тапсырады. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/04a963e0906e21f5f0eff09b8bedaf.jpg)

*Фото: egemen.kz*

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының аяқталуына байланысты мынадай мәліметтерді жария етті:

- оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтағалы отыр, оның ішінде бастауыш сыныптарда 374 мың бала, негізгі мектептерде 341 мың оқушы және 186 мың түлек;- - 7 704 оқушы «Алтын белгі» белгісіне үміткер; - биыл 5-8, 10 сыныптарда алғаш рет қазақ тіліне қатысты аралық емтихандар өткізіледі; - су тасқынына байланысты Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 3 581 оқушы аралық және қорытынды емтихандардан босатылады. Қорытынды баға жылдық белгілер негізінде қойылады; - ТЖ аясында қашықтан оқытылған 2 622 мектептің 832 мың оқушысы үшін 27-31 мамыр аралығында жазғы мектептің жұмысы ұйымдастырылады; - оқу жылын «Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқтау жоспарлануда; - 25 мамырда мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты іс-шара өткізілмек; - 9 және 11 сынып түлектерінің қорытынды емтихандары 29 мамырдан 11 маусымға дейін өткізіледі; - аттестаттарды тапсыру салтанатты рәсімі 12-15 маусымға белгіленді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/su-tas-ynynan-zardap-shekken-ayma-tardy-o-ushylary-emtihandardan-bosatylady-1004835](https://yvision.kz/kk/post/su-tas-ynynan-zardap-shekken-ayma-tardy-o-ushylary-emtihandardan-bosatylady-1004835)