---
title: "Су тасқыны болған аймақтардағы 11 мыңға жуық отбасы..."
description: "11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш (369 200 теңге) мөлшерінде төлем алды. Бұл туралы бүгін еліміздегі су тасқыны жағдайына қатысты Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. «Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған..."
author: "jan.123"
published: "2024-04-23T05:45:50+00:00"
modified: "2024-04-23T05:49:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/su-tas-yny-bol-an-ayma-tarda-y-11-my-a-zhuy-otbasy-100-aek-k-leminde-t-lem-al-an-1003871"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/su-tas-yny-bol-an-ayma-tarda-y-11-my-a-zhuy-otbasy-100-aek-k-leminde-t-lem-al-an-1003871/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Су тасқыны болған аймақтардағы 11 мыңға жуық отбасы...

> 11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш (369 200 теңге) мөлшерінде төлем алды. Бұл туралы бүгін еліміздегі су тасқыны жағдайына қатысты Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. «Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған...

*11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш (369 200 теңге) мөлшерінде төлем алды. Бұл туралы бүгін еліміздегі су тасқыны жағдайына қатысты Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.* «Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы** 150 айлық есептік көрсеткішке **дейін төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады. Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары өтеледі. Азаматтарға айтатыным, сабырлық сақтаныңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды. Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда», - деді Үкімет басшысы.

@qazaqstantv

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/su-tas-yny-bol-an-ayma-tarda-y-11-my-a-zhuy-otbasy-100-aek-k-leminde-t-lem-al-an-1003871](https://yvision.kz/kk/post/su-tas-yny-bol-an-ayma-tarda-y-11-my-a-zhuy-otbasy-100-aek-k-leminde-t-lem-al-an-1003871)