---
title: "Су тасқыны болған аймақтарда 900-ге жуық жаңа үй..."
description: "Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берді. Олжас Бектеновтің баяндамасында мына жайттар айтылды: - су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-21T10:38:23+00:00"
modified: "2024-05-21T10:38:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/su-tas-yny-bol-an-ayma-tarda-900-ge-zhuy-zha-a-y-salynady-1004845"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/su-tas-yny-bol-an-ayma-tarda-900-ge-zhuy-zha-a-y-salynady-1004845/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Су тасқыны болған аймақтарда 900-ге жуық жаңа үй...

> Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берді. Олжас Бектеновтің баяндамасында мына жайттар айтылды: - су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен...

*Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берді.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/caf2ab0e596358d70c152c807c8a66.jpg) Олжас Бектеновтің баяндамасында мына жайттар айтылды:

- су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары Үкіметтің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатыр;

- қазіргі кезде **61352 адам** өз үйлеріне оралған. Эвакуациялық пункттердегі тұрғындарға (5452 адам) барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр;

- 20 мамырдағы жағдай бойынша **26 мыңнан астам отбасына** **100 АЕК мөлшерінде** бірреттік төлем беру үшін **10 миллиард теңгеден аса** қаржы бөлінген (жалпы, 32655 өтініш келіп түскен). Бұл жұмыстар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарында толықтай аяқталған;

- Солтүстік Қазақстан облысында бірреттік қаржылай көмекті **6090**, Қостанай облысында **4085**, Атырау облысында **3730 отбасы** алған;

- зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда баспаналары қираған **239 отбасы** жаңа үйлер мен пәтерлерге қоныстанған. Атап айтқанда, Қостанай облысында **146**, Ақмола облысында **57**, Ақтөбе облысында **28**, Қарағанды облысында **6**, Павлодар облысында **2** баспана тұрғындардың игілігіне берілген;

- өңірлерде **873 жаңа үйдің құрылысы **жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, Батыс Қазақстан облысында **357**, Қостанай облысында **88**, Ақтөбе облысында **153**, Атырау облысында **70**, Солтүстік Қазақстан облысында **200**, Павлодар облысында **5 тұрғын үй** салынып жатыр;

- қазірге дейін **891 отбасыға** үйлерін жөндеу және қалпына келтіру шығындары үшін жалпы сомасы **1,9 миллиард теңге көлемінде** өтемақы төленген;

жалпы, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда **11137 тұрғын үй** **тексеріліп,** **7863 нысанды** бағалау жұмыстары аяқталған;

- бағалау ісінің аяқталуына қарай, зардап шеккен тұрғындарға аса қажетті дүние-мүлік сатып алу үшін **150 АЕК-ке дейін** қосымша өтемақы төленіп жатыр. Сондай-ақ өлген малдың өтеуі үшін мемлекеттен бөлінген қаржылай көмектің **көлемі 1,3 миллиард теңгеден асқан**;

- мемлекет қолдауынан бизнес те тыс қалмайды. Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу механизмдері анықталып, тиісті жұмыстар басталып кетті. Бүлінген үй мен мүлікті жедел бағалау үшін қосымша ресурстар тартылды. [t.me/aqorda_resmi](https://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/su-tas-yny-bol-an-ayma-tarda-900-ge-zhuy-zha-a-y-salynady-1004845](https://yvision.kz/kk/post/su-tas-yny-bol-an-ayma-tarda-900-ge-zhuy-zha-a-y-salynady-1004845)