---
title: "Су тасқыны қаупі төнген ауыл тұрғындары басқа елді..."
description: "Атырау облысы Жалғансай ауылының маңында Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтерілді. Су жол төсеміне жақындады. Қорғаныс бөгетін нығайту және жер үйіндісін салу жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар сирена-сөйлеу құрылғыларын пайдалана отырып,..."
author: "orazali"
published: "2024-05-23T03:58:16+00:00"
modified: "2024-05-23T03:58:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/su-tas-yny-aupi-t-ngen-auyl-t-r-yndary-bas-a-eldi-mekenge-evakuaciyalandy-video-1004894"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/su-tas-yny-aupi-t-ngen-auyl-t-r-yndary-bas-a-eldi-mekenge-evakuaciyalandy-video-1004894/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Су тасқыны қаупі төнген ауыл тұрғындары басқа елді...

> Атырау облысы Жалғансай ауылының маңында Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтерілді. Су жол төсеміне жақындады. Қорғаныс бөгетін нығайту және жер үйіндісін салу жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар сирена-сөйлеу құрылғыларын пайдалана отырып,...

*Атырау облысы Жалғансай ауылының маңында Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтерілді. Су жол төсеміне жақындады. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/14c1fe3e30da991ef979c39a5adf49.jpg)

Қорғаныс бөгетін нығайту және жер үйіндісін салу жұмыстары жүргізілді.

Құтқарушылар сирена-сөйлеу құрылғыларын пайдалана отырып, жергілікті тұрғындарды хабардар етуде. Жағдай бақылауда.

Жалғансай ауылын су басу қаупіне байланысты халықты Махамбет ауылына алдын ала эвакуациялау жүргізілді. Уақытша эвакуациялау пункті жергілікті мектепте орналасқан.

Сағат 04:00-дегі жағдай бойынша эвакуациялау пунктіне 154 адам орналастырылды, оның 96-сы балалар.

t.me/qr_tjm

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/su-tas-yny-aupi-t-ngen-auyl-t-r-yndary-bas-a-eldi-mekenge-evakuaciyalandy-video-1004894](https://yvision.kz/kk/post/su-tas-yny-aupi-t-ngen-auyl-t-r-yndary-bas-a-eldi-mekenge-evakuaciyalandy-video-1004894)