---
title: "Студенттік шақтар — ай!"
description: "«Біз бір-бірімізді көрмегенімізге 1 жыл болыпты ғой! Өзгеріп кетіпсің!» Бұл – группаларстардың жаңа..."
author: "tolegenberikbol"
published: "2015-01-24T02:43:43+00:00"
modified: "2015-01-24T04:41:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/studenttik-sha-tar-ay-463000"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/studenttik-sha-tar-ay-463000/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Студенттік шақтар — ай!

> «Біз бір-бірімізді көрмегенімізге 1 жыл болыпты ғой! Өзгеріп кетіпсің!» Бұл – группаларстардың жаңа...

**«Біз бір-бірімізді көрмегенімізге 1 жыл болыпты ғой! Өзгеріп кетіпсің!» Бұл – группаларстардың жаңа жылдық демалыстан оралғанда айтатын ең танымал сөзі. Міне, біз де жылқы жылын шығарып салып, қой жылында бір-бірімізбен қауышып жатырмыз. Арамызда жаңа жылда жаңалығымен келгендер де, «жыл ауысқанымен, мен ауыспаймын» дейтіндер де бар. Олай болса, назарларыңызға біздің 2 - топ студенттері туралы фоторепортаж ұсынамыз.**

![Студенттік шақтар — ай!](https://storage.yvision.kz/images/user/tolegenberikbol/8XIqgpzRIsiTcJb7GHnQhJenE2b8FI.jpg)

Мархаббат Ілияс – Нарынқолдың ерке қызы. Ерке болғанда да, есті ерке. Тез тіл табыса алатын қасиетімен үнемі айналасындағы адамдарға күлкі сыйлап жүреді. Бойынан журналситке тән барлық қасиеттер табылады: шығармашылық, әдемі үн, актерлік шеберлік те. Бүгінде өзінің ерекше дауысымен «әл-Фараби» радиосында «Лирикалық сәт» бағдарламасын жүргізеді.

![Студенттік шақтар — ай!](https://storage.yvision.kz/images/user/tolegenberikbol/23SeRS0l9lnTXFiX46H1qq705kQCPj.jpg)

Аман Анэль – сымбаты мен сұлулығы келіскен, талғамы мен талабы ұштасқан, арманы асқақ, мақсаты берік, қайсар әрі нәзік жан. Көз қарасының қуаттылығы кез - келген жанды жібітіп, өзіне бауратып алады. Оған дәлел...

![Студенттік шақтар — ай!](https://storage.yvision.kz/images/user/tolegenberikbol/0ddn6meXp0TQTe74bE27CQ4UF84mw5.jpg)

Ахат Маржан Маратқызы - тобымыздағы ең позитивті жан. Бойжеткеннің ерке мінезі оның әлемді түсініп, терең ойлауына кедергі туғызбайды. Қуанышыңызға ортақтасып, жан күйзелісі кезінде сізге қолдау көрсетеді. Маржан - жанындағыларын әрдайым қуанышқа бөлеп жүретін арманшыл қыз.

![Студенттік шақтар — ай!](https://storage.yvision.kz/images/user/tolegenberikbol/Vwc6PLd1mZuH26j3wk5ii08cnRw41G.jpg)

Әсел Бегман - топтың жаңаша ойлайтын студенті. Сәнді киінгенді ұнатады. "Адамның киген киімі ішкі жан дүниесінің айнасы" деген пікірге қосылады.

![Студенттік шақтар — ай!](https://storage.yvision.kz/images/user/tolegenberikbol/jh5S53s0t1E2QNTn7bi98lf4hh2aZM.jpg)

Айгүл Хожантаева - топтағы ерекше студент. Оның мақсаты - әлем тілдерін меңгеру. Сол арқылы Қазақстанды әлемге танытқысы келеді.

![Студенттік шақтар — ай!](https://storage.yvision.kz/images/user/tolegenberikbol/4o5495K1Ab3uN18oKWjwwsrlnWj6vU.jpg)

Әсел Сарқыт - жаны жайсаң жайдарлы шығыстың аруы. Әдемі күлкісімен көпшілікті баурап алады. Өз ісіне ұқыпты. Кез келген дүниеге жауапкершілікпен қарайды.

![Студенттік шақтар — ай!](https://storage.yvision.kz/images/user/tolegenberikbol/xI123C59y3YWsb3PBG9Vp0M5JPyl0P.jpg)

Нұрлыханның Айтбегі Алты Алаштың байыпты ері. Сары қыз, қара қыз деген түрлі - түсті өлеңдері бар. Сонысымен - ақ, өзінің оқырманын жинаған жас ақын. Айтыскерлік қырын да айта кетуіміз керек.

![Студенттік шақтар — ай!](https://storage.yvision.kz/images/user/tolegenberikbol/2w2v1h8PDU47SOt34HOnWZ4BmrFSEe.jpg)

Берікбол Төлеген - ал бұл МЕН! Мен туралы пікірді группаластарыма қалдырдым...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/studenttik-sha-tar-ay-463000](https://yvision.kz/kk/post/studenttik-sha-tar-ay-463000)