---
title: "Студенттік лидер кім?"
description: "Жастар Отанға лагерінің қатысушылары асыға күткен тақырыптағы семинар-тренингі 13 қараша күні болып..."
author: "birzhanmurat"
published: "2016-12-14T10:36:54+00:00"
modified: "2016-12-14T10:36:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/studenttik-lider-kim-737670"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/studenttik-lider-kim-737670/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Студенттік лидер кім?

> Жастар Отанға лагерінің қатысушылары асыға күткен тақырыптағы семинар-тренингі 13 қараша күні болып...

![Студенттік лидер кім?](https://storage.yvision.kz/images/user/birzhanmurat/pL0u109FDzjaCBTvaq1XjCR6S1H13a.jpg)

Жастар Отанға лагерінің қатысушылары асыға күткен тақырыптағы семинар-тренингі 13 қараша күні болып өтті. Тақырып – студенттік ортадағы көшбасшылық. Семинарды жүргізген Азиз Есжанов жастарға өзі білім алып келген шет елдік студенттер ортасындағы өзін-өзі басқару ұйымдары тәжірибесімен бөлісті.

Германия еліндегі студенттік және жастар ұйымдарының біздің елдегі ұйымдардан өзгешілігін айта келген тренер, қазіргі таңда көп ерекшеліктің жоқ екендігін тілге тиек етті.

Семинарға қатысушылар 2 сағат бойы жетекшілік ету дағдыларын, өз студенттік ұйымын ұйымдастырудың негіздерін, жоба менеджментінің негіздерін үйренді, өздік жұмыстарын орындап, талқылау алаңында сөз сөйледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/studenttik-lider-kim-737670](https://yvision.kz/kk/post/studenttik-lider-kim-737670)