---
title: "Студентті ұрып-соғып, алып кетпек болғандар ұсталды"
description: "Студентке қарсы ауыр қылмыс жасады деген күдіктілер ұсталды. 19 ақпанда белгісіз екі адам 22 жастағы студентті қорқыту арқылы одан қолма-қол ақша мен жеке мүлкін талап еткен. Жәбірленуші олардан қашып, жақын маңдағы дүкенге кіріп үлгерген. Алайда..."
author: "orazali"
published: "2024-03-02T04:05:10+00:00"
modified: "2024-03-02T04:09:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/studentti-ryp-so-yp-alyp-ketpek-bol-andar-staldy-1001791"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/studentti-ryp-so-yp-alyp-ketpek-bol-andar-staldy-1001791/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Студентті ұрып-соғып, алып кетпек болғандар ұсталды

> Студентке қарсы ауыр қылмыс жасады деген күдіктілер ұсталды. 19 ақпанда белгісіз екі адам 22 жастағы студентті қорқыту арқылы одан қолма-қол ақша мен жеке мүлкін талап еткен. Жәбірленуші олардан қашып, жақын маңдағы дүкенге кіріп үлгерген. Алайда...

*Студентке қарсы ауыр қылмыс жасады деген күдіктілер ұсталды.*

![Студентті ұрып-соғып, алып кетпек болғандар ұсталды](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/67f67a594d6d36ade412889e2be994.jpg)

19 ақпанда белгісіз екі адам 22 жастағы студентті қорқыту арқылы одан қолма-қол ақша мен жеке мүлкін талап еткен. Жәбірленуші олардан қашып, жақын маңдағы дүкенге кіріп үлгерген. Алайда олар дүкенге кіріп, жәбірленушіні ұрып-соғып, өздерімен бірге алып кетуге тырысқан. Полицейлер жүргізілген жедел іс-шаралар кешені нәтижесінде күдікті 18 және 19 жастағы екі жігіт анықталып, ұсталды. Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

https://t.me/POLICE_of_KZ

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/studentti-ryp-so-yp-alyp-ketpek-bol-andar-staldy-1001791](https://yvision.kz/kk/post/studentti-ryp-so-yp-alyp-ketpek-bol-andar-staldy-1001791)