---
title: "Студенттерге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселелері түсіндірілді"
description: "2017 жылдың 10 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-03-10T09:48:59+00:00"
modified: "2017-03-10T09:48:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/studentterge-o-amda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-alyptastyru-m-seleleri-t-sindirildi-759523"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/studentterge-o-amda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-alyptastyru-m-seleleri-t-sindirildi-759523/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Студенттерге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселелері түсіндірілді

> 2017 жылдың 10 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті...

2017 жылдың 10 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ**-**нің бірлесіп «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру маңызды » тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Семинар-кеңес жұмысына Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі А.С.Жұбаныш, студенттер мен жастар қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Департамент басшысының орынбасары А.С. Жұбаныштың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру - уақыт талабы» баяндамасында Жолдаудың бесінші «Институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты» негізгі бағыттарын атап өтті.

Сондай-ақ, ол жастардың санасына қазақстандық патриотизмді, құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлықпен күресте елгезектік таныту қасиеттерін бойларына сіңдіру керектігіне тоқталып, Департаментпен пен ЖОО-ның бірлесіп атқарып жатырған жұмыстарын айтып өтті.

Шара барысында қатысушыларға бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/studentterge-o-amda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-alyptastyru-m-seleleri-t-sindirildi-759523](https://yvision.kz/kk/post/studentterge-o-amda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-alyptastyru-m-seleleri-t-sindirildi-759523)