---
title: "Студенттер ҚР-ның заңнамаларынадағы негізгі өзгерістермен танысты."
description: "2016 жылдың 26 қаңтарында Жастарға қызмет көрсету орталығында Жас көшбасшылар мектебінің кезекті оты..."
author: "CRMI"
published: "2016-01-28T02:51:15+00:00"
modified: "2016-01-28T02:51:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/studentter-r-ny-za-namalarynada-y-negizgi-zgeristermen-tanysty-675480"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/studentter-r-ny-za-namalarynada-y-negizgi-zgeristermen-tanysty-675480/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Студенттер ҚР-ның заңнамаларынадағы негізгі өзгерістермен танысты.

> 2016 жылдың 26 қаңтарында Жастарға қызмет көрсету орталығында Жас көшбасшылар мектебінің кезекті оты...

2016 жылдың 26 қаңтарында Жастарға қызмет көрсету орталығында Жас көшбасшылар мектебінің кезекті отырысы өтті. VIP-лекцияны оқу үшін отырысқа Павлодар облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көш-қон комитеті Департаментінің басшысы Қ.М.Исенов, Павлодар облысының еңбекбасқармасының басшысы Е.В. Асқаров шықырылды.

Отырыс барысында дәріскерлер ҚР-ның зейнеткерлік заңнамасындағы, еңбек кодексіндегі негізгі өзгерістер жайында баяндап берді. Павлодар облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көш-қон комитеті департаментінің басшысы Қ.М.Исенов кәсіпорындардың жай жұмысшылары қандай мәселелермен жиі кездесетінің, еңбек кодексін білмеу неге әкелетіндігін айтып, еңбек басқармасының басшысы ретінде жеке жұмыс тәжірибесімен студенттермен бөлісті.

![Студенттер ҚР-ның заңнамаларынадағы негізгі өзгерістермен танысты.](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/fq38eLqL6Y7cmKRA2PT9xJ97Llz7tW.jpg)

Жас көшбасшылар Мектебі отырысының екінші бөлімінде Қазақстан халық ассамблеясының Үйлестіру кеңесінің төрағасы Э. Паули және Инновациялық Еуразия университетінің аға оқытушысы, психолог И. Ксюнина «Этносаралық өзара қарым қатынас: Менің үлесім» және «Көшбасшының тиімді мінез-құлқы мен коммуникативтік дағдылары тақырыптарына тренинг өткізді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/studentter-r-ny-za-namalarynada-y-negizgi-zgeristermen-tanysty-675480](https://yvision.kz/kk/post/studentter-r-ny-za-namalarynada-y-negizgi-zgeristermen-tanysty-675480)