---
title: "Студенттер оқу тәжірбиесін мемлекеттік органдарында өткізеді. Студенты готовятся проходить учебную практику в государственных органах."
description: "Ағымдағы жылдың 20-ы қаңтарында Жас көшбасшылар мектебі отырысы Жастарға қызмет көрсету орталығында ..."
author: "CRMI"
published: "2016-01-20T06:42:52+00:00"
modified: "2016-01-20T06:43:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/studentter-o-u-t-zhirbiesin-memlekettik-organdarynda-tkizedi-studenty-gotovyatsya-prohodit-uchebnuyu-674067"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/studentter-o-u-t-zhirbiesin-memlekettik-organdarynda-tkizedi-studenty-gotovyatsya-prohodit-uchebnuyu-674067/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Студенттер оқу тәжірбиесін мемлекеттік органдарында өткізеді. Студенты готовятся проходить учебную практику в государственных органах.

> Ағымдағы жылдың 20-ы қаңтарында Жас көшбасшылар мектебі отырысы Жастарға қызмет көрсету орталығында ...

Ағымдағы жылдың 20-ы қаңтарында Жас көшбасшылар мектебі отырысы Жастарға қызмет көрсету орталығында өтті. Дөңгелек үстелдің басында облысымыздың ЖОО-ы студенттерінің мемлекеттік органдардағы оқу тәжірбисі талқыланды. Студенттермен кездесу үшін отырысқа арнайы облысымыздың мемлекеттік органдарының кадр қызметтерінің басшылары, ЖОО-ның тәжірбие жүргізу ісі бойынша басшылары шақырылды.

Отырыстың басты қонағы, Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы Р.Қ Оразғұлов өз сөзінде бүгінгі күні мемлекеттік қызметке арналған кадрларды дайындау мәселелеріне үлкен көңіл бөлінгендігін, сонымен қатар, қазіргі уақытта қазақстандық қауымның алдында тұрған мәселелердің шешімін таба алатын қозғаушы күш жас мемлекеттік қызметкерлер екендігін айтып өтті. Оның сөзіне қарағанда мемлекеттік органдарда оқу тәжірбиесін өте отырып, ЖОО-ның студенттері мемлекеттік қызметке орналасу жолында бірінші қадамдарын жасайтын көрінеді. Бүгінгі таңда 100-ден аса бос орын жас, бастамашыл, бәсекеге қабілетті жастарды күтуде. Сонымен қатар, отырыста Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Н. Нефедова, Инновациялық Еуразия Университетінің оқу тәжірбиесі басшысы С. Балуева, Облысымыздың ЖОО-ның 3-4 курс студенттері сөз сөйледі. Айта кетерлігі, аймағымызда 30-ға дейінгі жас аралығындағы 669-дан астам мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Олардың 70-і басшы қызметін атқарады екен.

Студенты готовятся проходить учебную практику в государственных органах

В ЦОМе 20 января текущего года прошло заседание Школы молодого лидера, главной темой которого стало прохождение студентами ВУЗов области учебной практики в государственных органах. Для встречи со студентами на заседание были приглашены руководители кадровых служб государственных органов области, руководители практики ВУЗов. На заседании выступил руководитель аппарата акима Павлодарской области Уразгулов Р.К и отметил, что на сегодняшний день уделяется большое внимание подготовке кадров на государственную службу. Молодым государственным служащим принадлежит ключевое место в обществе, именно она располагает потенциалом для решения проблем, стоящих перед казахстанским социумом в настоящее время. По его словам, пройдя учебную практику в государственном органе, студент сделает первый шаг для поступления на государственную службу. Сегодня более 100 вакансий ждут молодых, инициативных, конкурентоспособных ребят. Так же в ходе встречи выступили руководитель управления молодежной политики Павлодарской области Нефедова.Н., руководитель практики Инновационного Евразийского Университета Балуева С., студенты 3-4 курсов ВУЗов области. Хочется отметить, что в регионе трудятся более 669 госслужащих в возрасте до 30 лет. Из них – занимают руководящую должность 70 человек. Это свидетельствует о преемственности, сохранении профессиональной традиции и играет решающую роль в выполнении основных функций государства в реализации государственных программ и планов мероприятий.

Подготовлено управлением по вопросам молодежной политики Павлодарской области.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/studentter-o-u-t-zhirbiesin-memlekettik-organdarynda-tkizedi-studenty-gotovyatsya-prohodit-uchebnuyu-674067](https://yvision.kz/kk/post/studentter-o-u-t-zhirbiesin-memlekettik-organdarynda-tkizedi-studenty-gotovyatsya-prohodit-uchebnuyu-674067)