---
title: "Степногорск қаласында белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы өтті"
description: "24 қазанда Степногорск қаласында аға буын өкілдеріне арналған жаңа әлеуметтік нысан – Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы өтті.Іс..."
author: "journalist_n"
published: "2025-10-29T12:39:13+00:00"
modified: "2025-10-29T12:39:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/stepnogorsk-kalasynda-belsendi-uzak-omir-suru-ortalygynyn-ashyluy-otti-1018129"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/stepnogorsk-kalasynda-belsendi-uzak-omir-suru-ortalygynyn-ashyluy-otti-1018129/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Степногорск қаласында белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы өтті

> 24 қазанда Степногорск қаласында аға буын өкілдеріне арналған жаңа әлеуметтік нысан – Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы өтті.Іс...

24 қазанда Степногорск қаласында аға буын өкілдеріне арналған жаңа әлеуметтік нысан – Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы өтті. ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/8b437c0e02a67b025e8803b534283f9f.jpg?width=960&height=720) Іс-шараға қала әкімі Гайдар Қасенов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол орталықтың ашылуы – егде жастағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға, олардың қоғам өміріне белсене араласуына мүмкіндік беретін маңызды қадам екенін атап өтті.Шара барысында шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Сондай-ақ орталықтың жұмысымен танысу мақсатында экскурсия өткізілді. Мұнда спорт залы, шығармашылық, музыка және т.с.с. кабинеттер жұмыс істейді.Жаңа орталық зейнет жастағы азаматтардың бос уақытын тиімді өткізуге, қарым-қатынас орнатуға және салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/stepnogorsk-kalasynda-belsendi-uzak-omir-suru-ortalygynyn-ashyluy-otti-1018129](https://yvision.kz/kk/post/stepnogorsk-kalasynda-belsendi-uzak-omir-suru-ortalygynyn-ashyluy-otti-1018129)