---
title: "Құстар неге құстай ұшады?"
description: "06.10.12.Атырау облысында Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген ондаған құс электр желілер..."
author: "AIKYN"
published: "2012-10-08T00:33:19+00:00"
modified: "2012-10-08T00:33:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/star-nege-stay-shady-294917"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/star-nege-stay-shady-294917/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құстар неге құстай ұшады?

> 06.10.12.Атырау облысында Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген ондаған құс электр желілер...

** ****06.10.12.

![Құстар неге құстай ұшады?](http://www.aikyn.kz/images/stories/06.10.12/1-bet-kustar.jpg)

Атырау облысында Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген ондаған құс электр желілерінен ток соғып, қырылуда. Бұл туралы ресейлік «Дронт» экология орталығының өкілі Марк Пестов мәлімдеді.**** **

****

- Біз кернеулігі 6-10 киловольт электр желілерінің әсерінен құстардың өлуіне тыңғылықты зерттеу жүргіздік. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Қазақ­станның «Қызыл кітабына» енгізілген құстар қырылып жатыр, - дейді ма­ман. Өткен жылы «Дронт» орталығының орнитологтары «ҚазТрансОйл», «ҚазТранс­Газ», «КҚК» және «Аджип ККО» компанияларының 400 шақы­рым­нан асатын электр желілерінің бойымен жүріп өткен. Экспедиция барысында өлген 63 дала қыраны, 41 көксары, 9 бөктергі және т.б. құстардың өлексесі табылған. Атырау облысында орын алған жағ­дай қанаттылардың көбеюіне залал келтіріп отыр. Облысының аумағында жыртқыш құстардың 15 түрі ұя салатын жерде кернеулігі 6-10 киловольт 8 мың шақырым электр желілері өтеді. Заң бойынша кәсіпорындар өздерінің электр желілерін құстарды қорғайтын құрылғылармен жабдықтауға тиіс, алайда мұнымен айналысатындар тым аз екен. Әттеген-ай...құссыз қалмасақ жарар еді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/star-nege-stay-shady-294917](https://yvision.kz/kk/post/star-nege-stay-shady-294917)