---
title: "«Құстар біздің досымыз»"
description: "11 мамыр күні Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның өнер бөлімінде «Құстар біздің досымыз» атты іс-шара өт..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2018-05-15T08:27:44+00:00"
modified: "2018-05-15T08:27:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/star-bizdi-dosymyz-804371"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/star-bizdi-dosymyz-804371/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Құстар біздің досымыз»

> 11 мамыр күні Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның өнер бөлімінде «Құстар біздің досымыз» атты іс-шара өт...

11 мамыр күні Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның өнер бөлімінде «Құстар біздің досымыз» атты іс-шара өтті. Іс-шараға 20 мектептің 1 сынып оқушылары шақырылды. Іс шара барысында оқушылар құстардың түрлерімен, олардың мекендейтін жерлерімен бір сөзбен айтқанда жалпы тіршілігімен танысты. Былтыр №24 мектеп-гимназияның 1 ә сынып оқушысы Сапарғалиева Жансая «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты Ә.Қайдаровтың мерейтойына байланысты өткен іс-шарадан алған білімі, әсері бойынша биыл ғылыми жұмыс қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Өскенде Ә.Қайдаров сияқты мультипликатор болуды армандайды. Оқушылар іс-шара барысында белсенділік танытып, жұмбақ шешіп, құстар туралы мағлұмат алды және де оларға қомқорлық жайсайтындарын білдірді. Іс-шара соңында оригами әдісімен құс жасалынды.

Костанайская ОДЮБ им. И. Алтынсарина#Алтынка библиотечная#ОДЮБ

# https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6555696290905091969?authkey=CK7gwLfsy5-_tAE

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/star-bizdi-dosymyz-804371](https://yvision.kz/kk/post/star-bizdi-dosymyz-804371)