---
title: "Стамбұлда «Teknofest-2023» басталды"
description: "Осымен алтыншы рет ұйымдастырылған айтулы шара биыл Түркия Республикасының құрылғанына 100 жылдығына..."
author: "Burkhanova"
published: "2023-05-02T13:38:08+00:00"
modified: "2023-05-02T13:38:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/stamb-lda-teknofest-2023-bastaldy-987948"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/stamb-lda-teknofest-2023-bastaldy-987948/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Стамбұлда «Teknofest-2023» басталды

> Осымен алтыншы рет ұйымдастырылған айтулы шара биыл Түркия Республикасының құрылғанына 100 жылдығына...

Осымен алтыншы рет ұйымдастырылған айтулы шара биыл Түркия Республикасының құрылғанына 100 жылдығына арналған.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/ae08a17fe607c6f725e816a8ac837a.jpg)

“Технофесттің” негізгі мақсаты – қазіргі қоғамда технологияға деген қызығушылықты арттыруды және Түркияны технологияны өндіретін және дамытатын ел ретінде әлемге таныту. Биылғы фестивальдегі көрмеге азаматтық және әскери әуетехниканың түр-түрі қойылған. Мұнда ұшақтың, тікұшақтың және ұшқышсыз басқарылатын техникалардың ондаған түрі көпшілікке көрсетілді. Ірі авиациялық шоуға әсіресе мектеп оқушыларының қызығушылығы зор. Фестивальға отбасымен серуендеп келгендердің де қарасы көп.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/6289907223c446e3ed575fd0bdc03f.jpg)

Ғылым мен технологиялық өндіріске арналған мереке 27 сәуір мен 1 мамыр аралығында Стамбұлдың Ататүрік әуежайында, ал Анкарада 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/stamb-lda-teknofest-2023-bastaldy-987948](https://yvision.kz/kk/post/stamb-lda-teknofest-2023-bastaldy-987948)