---
title: "Спорт жемқорлыққа қарсы"
description: "А.ж 25 шілдесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-Честный путь» марафоны аясында Аршалы кентіні..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-07-26T03:55:39+00:00"
modified: "2016-07-26T03:55:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sport-zhem-orly-a-arsy-704027"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sport-zhem-orly-a-arsy-704027/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Спорт жемқорлыққа қарсы

> А.ж 25 шілдесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-Честный путь» марафоны аясында Аршалы кентіні...

А.ж 25 шілдесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-Честный путь» марафоны аясында Аршалы кентінің орталық алаңында авто және авиамодель спорт түлерінен «Жастар адал жолмен» спорттық жарысы болып өтті. Іс-шараның мақсаты: авто және авиа модельдік спорт түрін дәріптеу, жастардың назарын техникалық спорт түріне аудару, шабандоздардың спорттық дағдыларын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Автомодель спорты бойынша жарыста:1 орынды – ҚР автомодель спорты бойынша чемпионы Лидер Вильгельм, ал 2 орынды - Демидов Иван иемденді.

Авиамодель спорты бойынша: 1 орынды – ҚР авиамодель спорты бойынша чемпионы Ламанов Иван алса, 2 орынды – авиамодель спортының күміс жүлдегері Манапов Ибрагим қанағат тұтты. Аталмыш іс-шара «Жастар адал жолмен» ұраны аясында өтті, себебі, техникалық сауаттылық біздің жастардың даму жолының басты бағыты болып табылады.

![Спорт жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/b2760q939MKxIMP476MSEznF898GqJ.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sport-zhem-orly-a-arsy-704027](https://yvision.kz/kk/post/sport-zhem-orly-a-arsy-704027)