---
title: "«Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктерді аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі"
description: "Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – ..."
author: "ceka"
published: "2014-10-27T12:39:17+00:00"
modified: "2014-10-27T12:39:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sport-t-rleri-boyynsha-respublikaly-o-amdy-birlestikterdi-akkreditteu-turaly-ku-lik-beru-memlekettik-436128"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sport-t-rleri-boyynsha-respublikaly-o-amdy-birlestikterdi-akkreditteu-turaly-ku-lik-beru-memlekettik-436128/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктерді аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

> Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – ...

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) [көрсетеді](http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1400009230#z14).

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтырының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырады.

ХҚО-ға көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын

сәйкестендіру үшін талап етіледі);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) бірлестікті Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде мемлекеттiк

тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама немесе бірлестікті Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде мемлекеттiк (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

4) бірлестік филиалдарын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан

көбінің аумағында құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама немесе бірлестік филиалдарын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің аумағында құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлға ретінде мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

5) бірлестіктің спорт түрлері бойынша бағдарламаларды іске асыруға қатысуы

туралы ақпарат;

6) дене шынықтыру және спорт cаласындағы мамандық бойынша кәсіптік жоғары

немесе кәсіптік орта білімі бар бiлiкті кадрлар дипломдарының көшірмелері;

7) спорттық секциялар, клубтар, топтар, сондай-ақ оларда аталған спорт түрімен

шұғылданатындардың саны туралы ақпараттық анықтама;

8) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның уәкілетті

өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

 

«Халыққа қызмет көрсету орталығы»

РМК-ның Жамбыл облысы бойынша

филиалының Талас аудандық бөлімі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sport-t-rleri-boyynsha-respublikaly-o-amdy-birlestikterdi-akkreditteu-turaly-ku-lik-beru-memlekettik-436128](https://yvision.kz/kk/post/sport-t-rleri-boyynsha-respublikaly-o-amdy-birlestikterdi-akkreditteu-turaly-ku-lik-beru-memlekettik-436128)