---
title: "Спорт – салауатты өмірдің негізі"
description: "2016 жылғы 17-18-қыркүйекте Егіндікөл ауылының спорт алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалжол – ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-09-21T06:06:54+00:00"
modified: "2016-09-21T06:06:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sport-salauatty-mirdi-negizi-712798"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sport-salauatty-mirdi-negizi-712798/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Спорт – салауатты өмірдің негізі

> 2016 жылғы 17-18-қыркүйекте Егіндікөл ауылының спорт алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалжол – ...

2016 жылғы 17-18-қыркүйекте Егіндікөл ауылының спорт алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалжол – Честный путь» марафоны аясында оқушылар мен жастар арасында шағын футболдан турнир өткізілді.Турнир басталмай тұрып қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың тармақтары түсіндірілді. Жарысқа 40-тан астам адам қатысты. Адал да ымырасыз күресте турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Оқушылар арасындағы жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды № 1 Егіндікөл орта мектебінің командасы жеңіп алды. Екінші күні жалғасқан жастар арасындағы турнирде техникалық шеберлігі мен ерекшеленген азаматтық қызметшілер командасы жеңіске жетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлеркомандалары, сондай-ақ, үздік ойыншылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/sayt_38.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sport-salauatty-mirdi-negizi-712798](https://yvision.kz/kk/post/sport-salauatty-mirdi-negizi-712798)