---
title: "Спорт әлеміндегі жаңалықтар «Sport.kz»-те"
description: "«Қайрат» пен «Алашкерт» командаларының кездесуі осы аптадағы айтулы жаңалықтардың бірі болды. 16 ші..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-07-20T22:04:00+00:00"
modified: "2015-08-05T08:07:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sport-lemindegi-zha-aly-tar-sport-kz-te-524215"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sport-lemindegi-zha-aly-tar-sport-kz-te-524215/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Спорт әлеміндегі жаңалықтар «Sport.kz»-те

> «Қайрат» пен «Алашкерт» командаларының кездесуі осы аптадағы айтулы жаңалықтардың бірі болды. 16 ші...

![Спорт әлеміндегі жаңалықтар «Sport.kz»-те](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/xWS2iMcomTdBpbGNU0HfGoJU2ny7AS.jpg)

«Қайрат» пен «Алашкерт» командаларының кездесуі осы аптадағы айтулы жаңалықтардың бірі болды. 16 шілде күні «Қайрат» пен армениялық «Алашкерт» өзара кездесіп, 3:0 есебімен алматылық команда алға шыққан еді. Енді 23 шілдеде «Қайрат» армениялық клубты жеңсе, онда УЕФА Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңінде хорватиялық «Риека» мен шотландиялық «Абердин» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Айта кетейік, «Абердин» сырт алаңда «Риеканы» 3:0 есебімен жеңген. Осы аптаның тағы бір айтулы жарысы Дэвис Кубогы әлемдік тобының Австралия мен Қазақстан арасындағы 1/4 финалының матчтары аяқталды.

Аптадағы ең маңызды спорт жаңалықтарын «Sport.kz» хабарынан бүгін 12:45-те көре аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sport-lemindegi-zha-aly-tar-sport-kz-te-524215](https://yvision.kz/kk/post/sport-lemindegi-zha-aly-tar-sport-kz-te-524215)