---
title: "Спорт – денсаулық кепілі"
description: "2016 жылдың 1 қыркүйегінде Астраханка ауылының орталық саябағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіг..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-09-03T01:25:46+00:00"
modified: "2016-09-03T01:25:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sport-densauly-kepili-710212"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sport-densauly-kepili-710212/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Спорт – денсаулық кепілі

> 2016 жылдың 1 қыркүйегінде Астраханка ауылының орталық саябағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіг...

2016 жылдың 1 қыркүйегінде Астраханка ауылының орталық саябағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының аясында минифутбол спорт түрі бойынша сайыс өтті. Аталған сайысқа 4 адамнан тұратын 7 минифутбол топтары қатысты.

Сайыста 1 орынға ие болған «Достар» тобы, 2 орынға ие болған «Шанхай» тобы және 3 орынға ие болған «Шілікті» тобы, солармен қатар сайысқа келесі топтар қатысты: «Борцы», «Жалтыр», «Жалтыр 2» және «Астраханка». Барлық қатысушыларға құнды сыйлықтар, ал жеңімпаз топтарға грамоталар мен медальдар табыс етілді.

Іс-шараға 30 адам қатысты.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/sayt_24.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sport-densauly-kepili-710212](https://yvision.kz/kk/post/sport-densauly-kepili-710212)