---
title: "Соттардың төрағалары мен судья ұжымға таныстырылды"
description: "Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облы..."
author: "sko_sud"
published: "2015-01-07T05:35:51+00:00"
modified: "2015-01-07T05:35:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sottardy-t-ra-alary-men-sudya-zhym-a-tanystyryldy-457138"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sottardy-t-ra-alary-men-sudya-zhym-a-tanystyryldy-457138/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Соттардың төрағалары мен судья ұжымға таныстырылды

> Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облы...

![Соттардың төрағалары мен судья ұжымға таныстырылды](https://storage.yvision.kz/images/user/sko_sud/vEmUf87ycs3C5sT4W0O221RilA6L69.jpg)

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы лауазымына Ақмола облысы Шортанды аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған Андрей Иванович Дигант тағайындалды.

Жаңадан тағайындалған төрағаны Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетовтің қатысуымен сот ұжымына таныстырды.

Ол А.И. Дигантты аталмыш қызметке тағайындалуымен құттықтай отырып, шешімдерді Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына сәйкес әділ және бейтарап шығару, Ұлт Көшбасшысы судьялардың VI-съезінде қойған тапсырмаларды орындау және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Ә. Мәми айқындаған басты бағыттарды іске асыру судьялардың алдында тұрған басты міндеттер болып табылатынын атап көрсетті.

Сонымен бірге мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жаңадан судья болып тағайындалған, бұрын Шығыс Қазақстан облысының Ұлан аудандық сотының судьясы қызметін атқарған Ғалия Ескендірқызы Садықова да сот ұжымына таныстырылды.

Дәл осы Жарлықпен Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның №2 сотының төрайымы болып Әсел Амангелдіқызы Досымова тағайындалды, ол бұған дейін Қызылжар аудандық сотының судьясы қызметін атқарған болатын.

Облыстық соттың төрағасы тағайындалғандардың әрқайсысына қызметтерінің табысты болуын, судья деген жоғары атаққа лайықты болып, судьялар әдебінің қағидаларын қатаң сақтауын, сот төрелігін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғауда әділ атқаруын тіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sottardy-t-ra-alary-men-sudya-zhym-a-tanystyryldy-457138](https://yvision.kz/kk/post/sottardy-t-ra-alary-men-sudya-zhym-a-tanystyryldy-457138)