---
title: "Сотталушы қаза тапқандардың туыстары мен зардап..."
description: "Алматыда 3 адамды автобус қағып өлтіруіне себепкер болған Дархан Ахметжановқа қатысты бүгінгі сот отырысында айыпталушы соңғы сөзін айтты. «Қаза болған адамдардың отбасыларынан кешірім сұрағым келеді. Арты қайырлы болсын. Түсінемін, сіздерге..."
author: "jan.123"
published: "2024-04-26T08:05:34+00:00"
modified: "2024-04-26T08:07:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sottalushy-aza-tap-andardy-tuystary-men-zardap-shekkenderden-zhylap-t-ryp-keshirim-s-rady-1004019"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sottalushy-aza-tap-andardy-tuystary-men-zardap-shekkenderden-zhylap-t-ryp-keshirim-s-rady-1004019/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сотталушы қаза тапқандардың туыстары мен зардап...

> Алматыда 3 адамды автобус қағып өлтіруіне себепкер болған Дархан Ахметжановқа қатысты бүгінгі сот отырысында айыпталушы соңғы сөзін айтты. «Қаза болған адамдардың отбасыларынан кешірім сұрағым келеді. Арты қайырлы болсын. Түсінемін, сіздерге...

*Алматыда 3 адамды автобус қағып өлтіруіне себепкер болған Дархан Ахметжановқа қатысты бүгінгі сот отырысында айыпталушы соңғы сөзін айтты.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/1a8ab3a6b9792130d3799d922b2183.jpg)

«Қаза болған адамдардың отбасыларынан кешірім сұрағым келеді. Арты қайырлы болсын. Түсінемін, сіздерге өте ауыр. Сіздермен бірге менің де жүрегім ауырып тұр. Қайғыларыңызға ортақпын. Мені кінәлі деп танып жатсаңыздар, шын жүректен кешірулеріңізді сұраймын. Жарақат алған адамдардан да кешірім сұраймын. Алла дендеріңізге саулық берсін, шипасын берсін. Жазылып кетіңіздер. Және де өзімнің отбасымнан, ата-анамнан кешірім сұраймын. Оларды осындай қиын жағдайға қалдырғаным үшін, уайымға салдырғаным үшін кешірім сұраймын», – деді Ахметжанов.

Айта кетейік, прокурор оны 8 жылға бас бостандығынан айыруды және қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге өтемақы төлетуді сұраған болатын.

Ал айыпталушының адвокаты өз қорғауындағы адамды бас бостандығынан айырмай жазалауды және өтемақы төлеуді «ДуманТрансКом» автопаркі басшылығының мойнына артуды сұрады.

Бұл іске қатысты сот үкімі бүгін сағат 16:30-да шығарылуы тиіс.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sottalushy-aza-tap-andardy-tuystary-men-zardap-shekkenderden-zhylap-t-ryp-keshirim-s-rady-1004019](https://yvision.kz/kk/post/sottalushy-aza-tap-andardy-tuystary-men-zardap-shekkenderden-zhylap-t-ryp-keshirim-s-rady-1004019)