---
title: "Сотталғандардың арасында жазғы спартакиада басталды — ҚР ІІМ."
description: "Сотталғандардың арасында жазғы спартакиада басталды - ҚР ІІМ. «ҚазАқпарат», 16.06.2014ж. Республикан..."
author: "mvdgovkz"
published: "2014-06-15T22:16:44+00:00"
modified: "2014-06-15T22:16:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sottal-andardy-arasynda-zhaz-y-spartakiada-bastaldy-r-iim-418017"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sottal-andardy-arasynda-zhaz-y-spartakiada-bastaldy-r-iim-418017/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сотталғандардың арасында жазғы спартакиада басталды — ҚР ІІМ.

> Сотталғандардың арасында жазғы спартакиада басталды - ҚР ІІМ. «ҚазАқпарат», 16.06.2014ж. Республикан...

Сотталғандардың арасында жазғы спартакиада басталды - ҚР ІІМ. «ҚазАқпарат», 16.06.2014ж. Республиканың пенитенциарлық жүйесінде сотталғандардың арасында жазғы спартакиада басталды, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. «Дәстүрлі шараның негізгі мақсаты түзету орындарында жақсы моральдық-психологиялық жағдайды қалыптастыру.

Сондай-ақ, жазасын өтеушілердің күнделікті өмірінде дене шынықтыру мен спортты енгізіп, салауатты өмір салтын насихаттау», - деді ҚАЖ жазасын өтеушілер арасында әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмыстарын жүргізу басқармасының бастығы Марат Таласбаев.

Жарыстар республиканың барлық түзету мекемелерінде болады. Спорт тәртібінің арасында футбол, волейбол, үстел теннисі, гір тасын көтеру және басқа да түрлері бар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sottal-andardy-arasynda-zhaz-y-spartakiada-bastaldy-r-iim-418017](https://yvision.kz/kk/post/sottal-andardy-arasynda-zhaz-y-spartakiada-bastaldy-r-iim-418017)