---
title: "Сот төрелігі: құқықтар, статистика, жаңа мүмкіндіктер"
description: "Қазақстанда сот жүйесі трансформацияланды: медиация, конституциялық кепілдіктер, кассациялық сот - нақты нәтижелер мен өзгерістер."
author: "akorda"
published: "2025-08-25T07:56:08+00:00"
modified: "2025-08-25T07:56:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sot-zhuyesindegi-ozgerister-aslambek-mergalievtin-eseptik-bayandamasy-1016639"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sot-zhuyesindegi-ozgerister-aslambek-mergalievtin-eseptik-bayandamasy-1016639/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сот төрелігі: құқықтар, статистика, жаңа мүмкіндіктер

> Қазақстанда сот жүйесі трансформацияланды: медиация, конституциялық кепілдіктер, кассациялық сот - нақты нәтижелер мен өзгерістер.

**Асламбек Мерғалиев**:

➤ азаматтық істер бойынша дауларды шешудің баламалы әдістерін қолдану 24 пайызға, яғни, 61 мыңнан 76 мыңға дейін өскенін айтты.

✔️ Олардың қатарында медиация, бітімге келу мен татуластыру рәсімдері бар.

✔️ азаматтардың мемлекеттік органдармен арадағы даулар бойынша құқығын қорғау шеңберінде әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың 2,6 мың актісі (57 пайыз) заңсыз деп танылды.

➤ қылмыстық іс жүргізуде конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету шаралары туралы мәлімет берді.

✔️ Атап айтқанда, тергеу соттарының қамауға алуды санкциялаудан бас тарту үлесі 23 пайыздан 37 пайызға өсті. Ақталған азаматтардың саны (жеке айыптау істерін қоспағанда) 59-дан 88-ге жетті.

✔️ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биылғы 1 шілдеден бастап дербес кассациялық сот жұмыс істей бастады. Алғашқы айдың өзінде аталған мекемеге 5 мыңға жуық арыз-шағым түскен.

**Президент: **

❗️ халықтың сот жүйесіне сенімін нығайту және сот төрелігінің сапасын арттыру жұмыстарын жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sot-zhuyesindegi-ozgerister-aslambek-mergalievtin-eseptik-bayandamasy-1016639](https://yvision.kz/kk/post/sot-zhuyesindegi-ozgerister-aslambek-mergalievtin-eseptik-bayandamasy-1016639)