---
title: "Сот төрелігін іске асыруды жеңілдету сұрақтары бойынша дөңгелек үстел"
description: "Тимирязев аудандық соты ауданның ІІБ, Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, әкі..."
author: "sko_sud"
published: "2014-12-24T08:14:02+00:00"
modified: "2014-12-24T08:14:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sot-t-religin-iske-asyrudy-zhe-ildetu-s-ra-tary-boyynsha-d-gelek-stel-453247"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sot-t-religin-iske-asyrudy-zhe-ildetu-s-ra-tary-boyynsha-d-gelek-stel-453247/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сот төрелігін іске асыруды жеңілдету сұрақтары бойынша дөңгелек үстел

> Тимирязев аудандық соты ауданның ІІБ, Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, әкі...

![Сот төрелігін іске асыруды жеңілдету сұрақтары бойынша дөңгелек үстел](https://storage.yvision.kz/images/user/sko_sud/40EMl08XPL5RSD35BNSbTxtWG29wi2.jpg)

Тимирязев аудандық соты ауданның ІІБ, Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, әкімдік, «Алпаш» МҚМ, «Халық банкі» АҚ филиалы, «Қазпошта» АҚ өкілдерінің қатысуымен «[Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы](http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000254)» 2014 жылғы 17 қарашадағы ҚР Заңымен енгізілген негізгі жаңа ережелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелді өткізудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне, Салық кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексіне, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне Заңмен енгізілген негізгі өзгерістер мен жаңалықтарды түсіндіру.

Кездесуді аша отыра, сот төрағасы Г.Е.Альжанова қазіргі кезде елдің сот жүйесін жаңғырту, сот ісін жүргізуді жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізілп жатқанын айтып өтті.

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа ҚР ҚК, ҚР ҚІЖК, ӘҚБтҚРК, ҚР ҚАК заңды күшіне енеді.

Сот жүйесі алдында жоғарыда айтылған тапсырмаларды іске асыруды дамытуға 2014 жылғы 17 қарашада қабылданған және 2014 жылғы 30 қарашада заңды күшіне енген «[Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы](http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000254)» Қазақстан Республикасының Заңы септігін тигізді.

Осы заңмен ҚР АІЖК, ҚР ҚІЖК, ӘҚБтҚРК және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізілді.

Дөңгелек үстелді қорыта келе, қатысушылар қажетті түсініктемелер берілген, уақытылы өткізілген, ұйымдастырылған кездесу үшін алғыстарын білдірді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sot-t-religin-iske-asyrudy-zhe-ildetu-s-ra-tary-boyynsha-d-gelek-stel-453247](https://yvision.kz/kk/post/sot-t-religin-iske-asyrudy-zhe-ildetu-s-ra-tary-boyynsha-d-gelek-stel-453247)