---
title: "«Сот кабинеті» уақытыңызды үнемдейді"
description: "Ағымдағы жылғы 12 маусымда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент..."
author: "finpolsko"
published: "2017-06-12T04:44:28+00:00"
modified: "2017-06-12T04:44:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sot-kabineti-ua-yty-yzdy-nemdeydi-769699"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sot-kabineti-ua-yty-yzdy-nemdeydi-769699/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сот кабинеті» уақытыңызды үнемдейді

> Ағымдағы жылғы 12 маусымда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент...

![«Сот кабинеті» уақытыңызды үнемдейді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/gybW6M5k8O22glwQ7A6759y8VV0pP2.jpg)

Ағымдағы жылғы 12 маусымда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен 2017 жылға арналған Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды орындау шеңберінде Петропавл қ. №1 ХҚКО сот кабинетін жұртшылыққа кеңінен таныстыру бойынша акция ұйымдастырылды.

![«Сот кабинеті» уақытыңызды үнемдейді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/0n9aakp2YW3FKG4lP7U3mPWTFetZuK.jpg)

Парақшаларды тарату барысында Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Серік Айдарбеков, қызмет алушыларға шараның басты мақсаты – сот жүйесінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ тұрғындармен тікелей қатынасу деңгейін төмендету екендігін атап өтті.

![«Сот кабинеті» уақытыңызды үнемдейді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/y2FQB5ebavak25odX6LHqPB4YZ5Inn.jpg)

«Сот кабинеті» сервисі Қазақстан Республикасы сот органдарына арыздарды, өтініштерді, шағымдар және хаттарды жіберу үшін арналған. Аталмыш сервис арқылы сот құжаттарын және істерді іздеуге, мемлекеттік баж салығын онлайн түрде төлеуге, сот ісінің қаралу барысын қадағалауға болады. Ол үшін азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы жеткілікті.

![«Сот кабинеті» уақытыңызды үнемдейді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/q0VVmnO7yFO9W9wLu1nVM2CDZCJd92.jpg)

Қала тұрғындары уақыт үнемдеуді көздейтін қызмет түрінің ыңғайлылығына оң бағаларын берді.

Мұндай шаралар апта бойы өңіріміздің барлық аудан орталықтарында өтетін болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sot-kabineti-ua-yty-yzdy-nemdeydi-769699](https://yvision.kz/kk/post/sot-kabineti-ua-yty-yzdy-nemdeydi-769699)