---
title: "Тоқаев бақылаған: Солтүстік Қазақстан облысы қалай өзгеруде?"
description: "Ауыл шаруашылығы, инвестициялар, мектеп пен балабақша салу бойынша облыстың дамуының негізгі көрсеткіштері мен жетістіктері."
author: "akorda"
published: "2025-07-31T10:37:23+00:00"
modified: "2025-07-31T10:37:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/soltustik-kazakstan-oblysynyn-2024-zhyldyn-birinshi-zhartyzhyldygyndagy-damuy-investiciyalar-auyl-sharuashylygy-zhane-aleumettik-zhobalar-1016009"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/soltustik-kazakstan-oblysynyn-2024-zhyldyn-birinshi-zhartyzhyldygyndagy-damuy-investiciyalar-auyl-sharuashylygy-zhane-aleumettik-zhobalar-1016009/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоқаев бақылаған: Солтүстік Қазақстан облысы қалай өзгеруде?

> Ауыл шаруашылығы, инвестициялар, мектеп пен балабақша салу бойынша облыстың дамуының негізгі көрсеткіштері мен жетістіктері.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

## Ауыл шаруашылығы:

- Майлы және жем-шөп дақылдарының егістік көлемі ұлғайған;

- Тұқым жаңарту деңгейі 11,2 пайызға жеткен, су үнемдеу технологиялары белсендіенгізіліп жатыр;

- «Кең Дала 2» бағдарламасы аясында шаруаларға 97 миллиард теңге бөлінген. Биыл мемлекеттік қолдау ауқымы былтырғымен салыстырғанда 24 пайызға артқан;

- Солтүстік Қазақстан облысы елімізде сүт өндірісі бойынша алғашқы үштікке кіреді, соның ішінде сүт өндіру кешендерінің саны жағынан көш бастап тұр.

## Инвестиция:

Облыста жалпы сомасы 893 миллиард теңгені құрайтын 52 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 7,5 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.

## Тұрғын үй құрылысы:

- Биыл 332 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда 5 көпқабатты үй тапсырылды. Жыл соңына дейін тағы да 11 нысанның құрылысы аяқталады;

- Әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар үшін биыл 258 пәтер сатып алынады.

## Ұлттық жобалар:

- «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Петропавл қаласында 600 орындық жаңа заманауи мектеп салынды. Сонымен қатар 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде;

- Денсаулық сақтау саласында ауылдық жердегі 46 медициналық нысан жаңғыртылды. Өңірге медицина мамандарын тарту мақсатында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр.

## Президент:

- Жиын-терін науқанына дайындықтың, агроөнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асырудың маңызына назар аударды;

- Петропавлдағы 2-ЖЭС-ті жөндеу және жылумен, энергиямен қамтамасыз ету желілерін реконструкциялау жұмыстарын жылдам аяқтау қажет екенін ескертті.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/soltustik-kazakstan-oblysynyn-2024-zhyldyn-birinshi-zhartyzhyldygyndagy-damuy-investiciyalar-auyl-sharuashylygy-zhane-aleumettik-zhobalar-1016009](https://yvision.kz/kk/post/soltustik-kazakstan-oblysynyn-2024-zhyldyn-birinshi-zhartyzhyldygyndagy-damuy-investiciyalar-auyl-sharuashylygy-zhane-aleumettik-zhobalar-1016009)