---
title: "Солтүстiкқазақстандық полиция қызметкерлерi қаланы абаттандыру жұмыстарының сақталуын қатаң бақылауға алуда"
description: "Солтүстiк Қазақстан облысының қалалары мен елдi мекендерiндегi абаттандыру жұмыстары басталғалы пол..."
author: "dvd_sko"
published: "2014-09-04T22:49:48+00:00"
modified: "2014-09-04T22:49:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-standy-policiya-yzmetkerleri-alany-abattandyru-zh-mystaryny-sa-taluyn-ata-ba-ylau-a-al-428195"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-standy-policiya-yzmetkerleri-alany-abattandyru-zh-mystaryny-sa-taluyn-ata-ba-ylau-a-al-428195/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Солтүстiкқазақстандық полиция қызметкерлерi қаланы абаттандыру жұмыстарының сақталуын қатаң бақылауға алуда

> Солтүстiк Қазақстан облысының қалалары мен елдi мекендерiндегi абаттандыру жұмыстары басталғалы пол...

![Солтүстiкқазақстандық полиция қызметкерлерi қаланы абаттандыру жұмыстарының сақталуын қатаң бақылауға алуда](https://storage.yvision.kz/images/user/dvd_sko/hcg791OUa72dd0XRCsl3GUItN7ylYQ.jpg)

Солтүстiк Қазақстан облысының қалалары мен елдi мекендерiндегi абаттандыру жұмыстары басталғалы полиция қызметкерлерiмен 4348 әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталды. Оның iшiндегi 2413-i облыс орталығында тiркелiп отыр. Құқық бұзушылықтардың арасында көбiне қоқыс лақтыру мен рұқсат етiлмеген жерлердi қоқыс мекенiне айналдыру сияқты заң бұзушылықтар жиi кездеседi.

Петропавл қаласы Iшкi iстер басқармасының қызметкерлерiмен бiрнеше мекемелерге өздерiнiң аудандарындағы қоқысты сапалы тазалап шығармағандары үшiн айыппұл салынды. Қоқыс шығаруға жауапты компаниялардың бiрi өз аудандарында, бiрнеше жұма бойы Шоқан Уәлиханов көшесi бойындағы қоқыс контейнерлерiн босатпаған. Тәртiп сақшылары бiрнеше рет түсiндiру жұмыстарын жүргiзгеннен кейiн барып еш нәтиже шықпаған соң ескерту жасаған. Кейiн 9260 теңге көлемiнде айыппұл салуға тура келдi. Сондай-ақ, Петропавл қаласында орналасқан ЖШС-нiң аумағын стихиялық қоқыс аланына айналдырып жiбергенi үшiн, полиция қызметкерлерiмен КР Әкiмшiлiк кодексiнiң 387-бабына сәйкес, мекеме иелерiне 37 мың теңге көлемiнде айыппұл салынды.

Дәл осы сияқты қаланың көп қабатты үйлердiң жанындағы қоқыс алаңы полиция қызметкерлерiнiң араласуымен жойылды. Кәрiм Сүтiшев көшесiнде тұратын 43 жастағы қала тұрғыны есiгiнiң алдына қоқысты жинап, оны сыртқа шығармаған. Ал көршiлерiнiң қоқысты шығару керек деген ұсынысына әсер етпеген оны полиция қызметкерлерi жауапқа тартты.

Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментi әкiмшiлiк полиция басқармасының бастығы полиция полковнигi Бауыржан Рақымжановтың айтуы бойынша абаттандыру жұмыстарын қадағалау полиция қызметкерлерiмен қатаң бақылауға алынған. Абаттандыру жұмыстарын қолға алуға профилактикалық жұмыстар да жүргiзiлуде. Алдын алу жұмыстары барысында тәртiп сақшыларымен азаматтар арасында түсiндiру жұмыстары өткiзiлiп, аталмыш заңнаманы сақтамаған жағдайда қандай жауапкершiлiкке тартылатындықтары да айтылады. Жалпы абаттандыру шарасының басынан берi солтүстiкқазақстандық полиция қызметкерлерiмен 4348 фактi тiлкелiп, ҚР Әкiмшiлiк кодексiнiң 387-бабына сәйкес 1521 солтүстiкқазақстандыққа 2 миллион 449 мың теңге көлемiнде айыппұл салынды.

**СҚО IIД баспасөз қызметi Ерлан Махметов**

http://police.sko.kz/

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-standy-policiya-yzmetkerleri-alany-abattandyru-zh-mystaryny-sa-taluyn-ata-ba-ylau-a-al-428195](https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-standy-policiya-yzmetkerleri-alany-abattandyru-zh-mystaryny-sa-taluyn-ata-ba-ylau-a-al-428195)