---
title: "Солтүстік Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысы мен әкімнің төрағалығымен 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылу барысы қарастырылды"
description: "Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні, облыс әкімдігіні..."
author: "finpolsko"
published: "2015-12-11T23:43:17+00:00"
modified: "2015-12-11T23:43:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-stan-oblysynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmeti-basshysy-men-kimni-t-ra-aly-ymen-2015--667545"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-stan-oblysynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmeti-basshysy-men-kimni-t-ra-aly-ymen-2015--667545/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Солтүстік Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысы мен әкімнің төрағалығымен 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылу барысы қарастырылды

> Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні, облыс әкімдігіні...

![Солтүстік Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысы мен әкімнің төрағалығымен 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылу барысы қарастырылды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/83D42n5I6IwuGjkYF4coIJoZEfo7lQ.jpg)

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні, облыс әкімдігінің маңындағы Жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Жергілікті мемлекеттік органдардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын атқаруы сапасы туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ш.Қ. Қабдула баяндады. Баяндама барысында жергілікті атқарушы органдарға бекітілген, іс-шаралар Жоспарының жекелеген тармақтарының орындалуы сынға алынды. Мәселен, аймақтың денсаулық сақтау, жер қатынастары, ішкі саясат салаларындағы жұмыстар сөз жүзінде ғана жүргізілуде. Мұндай олқылықтар СҚО сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Салалық бағдарламасын орындау кезінде де орын алған еді. «Талдау көрсеткіштеріне сәйкес, жемқорлыққа қарсылық нақты шаралар қабылданбай, тек үгіт-насихат хабарламаларымен ғана шектелуде. Мұндай дағдыдан бас тарту қажет. Жұмыстың сапалы атқарылуына барлық жағдай жасалған», - деді Шыңғыс Қабдула.

![Солтүстік Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысы мен әкімнің төрағалығымен 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылу барысы қарастырылды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/ZpsFuUitrrP6XW7F2TW3EfmVuQ1x12.jpg)

Мысал ретінде, СҚО Азаматтар Альянсы арқылы халық арасында жемқорлық құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптастыру бойынша мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға, облыстық Ішкі саясат басқармасымен 625,0 мың теңгені шығынданғаны фактісі келтірілді. Ал шараның тиімді жоспарлануы мен бюджет қаражатының жұмсалуына тиісті бақылау жүргізілмеген. Ауылшаруашылық саласы бойынша да бірқатар ескертулер жасалды. Барлық ақпарат тек статистикалық мәліметтер ретінде ұсынылған, жалдау мерзімі аяқталған жер учаскелері бойынша мәліметтер жоқ және осы мәселеге ауылдық округтердің әкімдіктері әлі де немқұрайлық танытуда. Баяндама кезінде, ведомство басшысы шаралар Жоспарын жүзеге асыруда, яғни түрлі аудиториялармен алдын алу шараларын өткізу кезіндегі аймақтық мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі де ақсайтындығын жеткізді. Мемлекеттік органдардың ресми сайттарында халыққа мемлекеттік қызметті көрсету стандарты мен регламенті ескі редакцияда орналастырылған, кейбіреулерінде мүлдем жоқ. Бұл мемлекеттік қызметке жүгінген тұрғындарға бірқатар қиындықтар туғызатыны айдан анық. Сондықтан іс-шаралар Жоспарының тармақтарын сапалы және уақытылы орындауды ұйымдастыру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді. Комиссия төрағасы-облыс әкімі Е. Сұлтанов мемлекеттік органдардың жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарына көңілі толмайтындығын айтып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсыныстарымен толық келісті. Сондықтан аталған мәселені үстіміздегі жылдың 26 желтоқсанында қайта қарау туралы шешім қабылданды. Кездесу соңында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің атынан, жеке құрамы қатарындағы жемқорлық сипаттарына қарсылық білдіруде тиімді әрекет еткені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Б. Біләловке алғыс хат табыс етілді.

![Солтүстік Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысы мен әкімнің төрағалығымен 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылу барысы қарастырылды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/zYmpfdeGp2Uda0gL9QhHjvmNCb55d3.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-stan-oblysynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmeti-basshysy-men-kimni-t-ra-aly-ymen-2015--667545](https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-stan-oblysynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmeti-basshysy-men-kimni-t-ra-aly-ymen-2015--667545)