---
title: "Солтүстік Қазақстан облысында «Е-gov – шұғыл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» науқаны басталды"
description: "Облыс әкімі аппаратымен бірге жасалған 2017 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін же..."
author: "finpolsko"
published: "2017-04-25T07:03:44+00:00"
modified: "2017-04-25T07:03:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-stan-oblysynda-e-gov-sh-yl-memlekettik-k-rsetiletin-yzmetter-nau-any-bastaldy-764779"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-stan-oblysynda-e-gov-sh-yl-memlekettik-k-rsetiletin-yzmetter-nau-any-bastaldy-764779/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Солтүстік Қазақстан облысында «Е-gov – шұғыл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» науқаны басталды

> Облыс әкімі аппаратымен бірге жасалған 2017 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін же...

![Солтүстік Қазақстан облысында «Е-gov – шұғыл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» науқаны басталды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/y3I1R4I9Uv20aQKJhHMeS8fGzqzHT1.jpg)

Облыс әкімі аппаратымен бірге жасалған 2017 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру мақсатында, а.ж. 17 сәуірден бастап бекітілген кестеге сәйкес, селолық округ әкімдіктерінің қызметкерлері әкімдіктердің негізінде «е-gov.kz» ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді үйрену үшін СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалдарында оқулардан өтуде.

Сонымен қатар, а.ж. мамыр-маусым айларында селолық округтер тұрғындары арасында электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алуды түсіндіру бойынша оқыту семинарлары СҚО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕҚ филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің көшпелі ХҚКО азаматтарды қабылдау шеңберінде өткізіледі.

«Е-gov – шұғыл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» науқаны шеңберінде ұйымдастырылған осы іс-шаралар электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыруға бағытталған.

 

*Қосымша: фотосуреттерде Есіл, М. Жұмабаев, Аққайың аудандарының селолық округтер қызметкерлері оқудан өтуде.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-stan-oblysynda-e-gov-sh-yl-memlekettik-k-rsetiletin-yzmetter-nau-any-bastaldy-764779](https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-stan-oblysynda-e-gov-sh-yl-memlekettik-k-rsetiletin-yzmetter-nau-any-bastaldy-764779)