---
title: "Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментi жанындағы ашылған Қоғамдық кеңес мүшелерiнiң кезектi отырысы болып өттi"
description: "Облыстық Iшкi iстер департаментiнде Қоғамдық кеңестiң кезектi отырысы болып өттi. Отырыс барысында ..."
author: "dvd_sko"
published: "2014-09-04T22:51:47+00:00"
modified: "2014-09-04T22:51:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-stan-oblysy-ishki-ister-departamenti-zhanynda-y-ashyl-an-o-amdy-ke-es-m-shelerini-keze-428196"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-stan-oblysy-ishki-ister-departamenti-zhanynda-y-ashyl-an-o-amdy-ke-es-m-shelerini-keze-428196/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментi жанындағы ашылған Қоғамдық кеңес мүшелерiнiң кезектi отырысы болып өттi

> Облыстық Iшкi iстер департаментiнде Қоғамдық кеңестiң кезектi отырысы болып өттi. Отырыс барысында ...

![Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментi жанындағы ашылған Қоғамдық кеңес мүшелерiнiң кезектi отырысы болып өттi](https://storage.yvision.kz/images/user/dvd_sko/gVedyUrnsoMr5ffwuPgy9u538lLchU.jpg)

Облыстық Iшкi iстер департаментiнде Қоғамдық кеңестiң кезектi отырысы болып өттi. Отырыс барысында қатысушылар алаяқтықтың алдын алуға бағытталған шаралардың жоспарларымен танысып, шешiлмей жүрген мәселелердi қойып, шешiмiн табуға тырысты.

2012 жылдан берi жұмыс iстеп келе жатқан Қоғамдық кеңес мүшелiгiне депутаттар, журналистер мен облыстық қоғамдық ұйым мүшелерi енген. Кеңестiң кезектi отырысы мүлiктiк қылмыстардың алдын алуға бағытталды. Бас қосуда түрлi мәселелер қозғалды.

«Облыс аумағында жетi ай iшiнде 388 алаяқтық фактiсi тiркелдi. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төмендеу бар. Алайда бұл қылмыстардың басым бөлiгi, яғни 85 пайызы облыс орталығында орын алды» — деп, хабарлады Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң бастығы полиция полковнигi Ақан Қажкенов.

![Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментi жанындағы ашылған Қоғамдық кеңес мүшелерiнiң кезектi отырысы болып өттi](https://storage.yvision.kz/images/user/dvd_sko/2l9zg7YTOePXQxb4FNtA9XXAV3hlRt.jpg)

Сондай-ақ, жиын барысында қалта ұрлығының алдын алу полиция қызметкерлерiнiң жұмысын тиiмдi ету сияқты сыни мәселелер талқыланды. Тiркелген 214 алаяқтық фактiсiнiң талдауы алаяқтардың нысаны негiзiнен ақша болып келетiнiн көрсеттi. Оның 65-i телефон, ал 11-i велосипед ұрлығына қатысты.

«Егде жастағы адамдардың алаяқтардың құрбанына айналулары ерекше алаңдатушылық тудыруда. Осы бағытта тiркелген 24 қылмыстың 3-i ауыр санатқа енiп отыр. Ауыр қылмыстардың барлығы телефон байланысы арқылы жасалған» — дейдi, Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментi Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигi Мыңбай Асылбеков.

Отырыс соңында мүлiктiк қылмыстарды алдын алу жұмыстарын БАҚ арқылы халыққа жеткiзу қажеттiгi айталды. Өзге де көтерiлген сауалдарға қатысты облыстық ведомство жетекшiлерiне нақты ұсыныстармен жүгiну ұсынылды. Мәселен, түбiртектерге профилактикалық сiлтемелерiн басу қажеттiлi алға тартылды.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментi қоғамдық кеңесiнiң атынан облыстық Мәслихаттың комиссиясына қалалық және облыстық коммуналдық қызметтердiң түбiртектерiндегi профилактикалық сiлтемелердi жариялауға қаржы мен экономика жағынан қолдау көрсетудi сұраймыз» — деп, хабарлады Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментi жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Жасұлан Ахметов.

![Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментi жанындағы ашылған Қоғамдық кеңес мүшелерiнiң кезектi отырысы болып өттi](https://storage.yvision.kz/images/user/dvd_sko/0ERfn75fx1J6UxJBJzXxX7lADZhu3R.jpg)

Облыстық Iшкi iстер департаментi жанында құрылған Қоғамдық кеңес отырысы ағымдағы жылдың қараша айында өтетiн болады.

**СҚО IIД баспасөз қызметi Ерлан Махметов**

http://police.sko.kz/

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-stan-oblysy-ishki-ister-departamenti-zhanynda-y-ashyl-an-o-amdy-ke-es-m-shelerini-keze-428196](https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-stan-oblysy-ishki-ister-departamenti-zhanynda-y-ashyl-an-o-amdy-ke-es-m-shelerini-keze-428196)