---
title: "Солтүстік Қазақстан облыстық сотында қылмыстық процестегі медиацияның ерекшеліктерін талқылады"
description: "Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Қылмыстық процестегі медиация» тақырыбында «дөңгелек үстел»..."
author: "SUD_RK"
published: "2016-10-17T06:15:02+00:00"
modified: "2016-10-17T06:15:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-stan-oblysty-sotynda-ylmysty-procestegi-mediaciyany-erekshelikterin-tal-ylady-719095"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-stan-oblysty-sotynda-ylmysty-procestegi-mediaciyany-erekshelikterin-tal-ylady-719095/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Солтүстік Қазақстан облыстық сотында қылмыстық процестегі медиацияның ерекшеліктерін талқылады

> Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Қылмыстық процестегі медиация» тақырыбында «дөңгелек үстел»...

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Қылмыстық процестегі медиация» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. «Дөңгелек үстел» жұмысына прокуратура, ішкі істер департаменті, адвокатура, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, медиаторлар қатысты. Облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов іс-шараны ашып, қылмыстық істерді заңда бекітілген жағдайда татуластырумен, әсіресе медиация тәртібімен тоқтату көп жағдайда қылмыстық процестегі екі тараптың – қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған тұлғаның және жәбірленушінің мүддесіне сәйкес келетінін атап өтті. Статистикалық деректерге сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының соттары қараған қылмыстық істердің жалпы санынан үштен бір бөлігі сотталушылардың жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатумен аяқталған. Сонымен бірге татуласумен тоқтатылған қылмыстық істердің жалпы санының жартысы бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласқан. Қазіргі күні Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы Медиация орталығы және аудан әкімдіктері мен жекелеген селолық округтерінің жанында 67 медиация кабинеті жұмыс істейді. «Дөңгелек үстел» барысында облыстық соттың судьясы Рамазан Хасенов соттардың медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласу арқылы қылмыстық істерді тоқтатуының кейбір мәселелері туралы айтып берді. Облыс прокуратурасының сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының басшысы Салтанат Дарбаева жиналғандарды сотқа дейінгі және сот ісін жүргізу барысында жүргізілетін медиация ерекшеліктерімен таныстырды. Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар медиация тәртібімен татуласуға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату сот практикасын зерделеп және қылмыстық сот ісін жүргізу барысында медиацияны жүргізу тәртібі мен шарттарын талқылады. «Дөңгелек үстел» соңында құқық қолдану қызметінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешу үшін бірыңғай жолдар табу жөніндегі ұсынымдар қабылданды. [http://sud.gov.kz/kaz/news/soltustik-kazakstan-oblystyk-sotynda-kylmystyk-procestegi-mediaciyanyn-erekshelikterin](http://sud.gov.kz/kaz/news/soltustik-kazakstan-oblystyk-sotynda-kylmystyk-procestegi-mediaciyanyn-erekshelikterin) ![](https://storage.yvision.kz/images/user/sud_rk/rGt058w1Pank027TvmIWathYJVQJ74.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-stan-oblysty-sotynda-ylmysty-procestegi-mediaciyany-erekshelikterin-tal-ylady-719095](https://yvision.kz/kk/post/solt-stik-aza-stan-oblysty-sotynda-ylmysty-procestegi-mediaciyany-erekshelikterin-tal-ylady-719095)